«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдебиеттік оқу пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық жұмыс тапсырмалары

15.10.2020

Әдебиеттік оқу пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық жұмыс тапсырмалары

 Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

1-тапсырма. ОООқ

Оқылым

Түнгі аспанда шөміш тәрізді келген жеті жұлдыз Жетіқарақшы деп аталады. Ол бір тәулікте Темірқазықты бір айналып шығады.Аңыз бойынша жеті ұры – қарақшылар өмір сүріпті. Олар күндіз ұрлықпен айналысып, түнде сол жасаған әрекеттері үшін ұялыпты. Ақыры қарғысқа ұшырап, қайтыс болыпты. Ұрылардың жандары жұлдызға айналып, аспанға ұшып кетіпті. Бірде олар ҮркердіңҮлпілдек деген қызын ұрлайды. Жетіқарақшының бас жағында жарқырап тұрған жұлдыз – ұрылардың басшысы Қыран қарақшы. Ал оныңқасында әлсіреп көрінетін – тұтқында отырған Үлпілдек қыз. Үркер өзініңқызын қайтарып алу үшін түнімен Жетіқарақшыны қуып жүреді екен. Жетіқарақшы туралы мынадай ертегі де сақталған: «Ертеде бір байдың жылқының басындай алтыны болыпты. Ол алтынды жерге көміп тығып тастаған екен. Сол заманда елге атағы шыққан жеті ұры байдың алтынын ұрлап кетеді. Бірақ, тастай қатты алтынды бөле алмайды. Сонда Қырын қарақшы: «Бөлуді бір білсе, оның иесі біледі» деп байға келеді. Бай оны қонаққылып, барын алдына тосыпты. Ата дәстүр бойынша ет піскенше қонақүй иесіне әңгіме, ертегі айтуға тиіс. Қарақшы осыны сылтау етіп әңгіме бастайды: «Бір байдың ат басындай алтынын жеті ұры ұрлапты, бірақ олар алтынды бөлуді білмейді екен». Бай: «Ол үшін алтынды биеніңқазыға алынатын майына орап, қайнату керек. Сонда алтын жібиді» депті.Қыран қарақшы жолдастарына келіп, алтынды қазының майына орап, қайнатыпты. Жібіген алтынды оп-оңай пышақпен жетіге бөліп, өзара бөлісіп алыпты.

1). Мәтінге ат қой.

2). Мәтіннің мазмұны бойынша түсіндіруге немесе бағалауға бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.

3). «Ат басындай» сөзінің мағынасын түсіндіріп жаз.

4). Мәтінге байланысты үш мақал- мәтел жаз.

5). Үркер неліктен Жетіқарақшыны қуады?

6). Өз ойыңнан өлең құрастыр.

 

 

 

2-тапсырма.

Оқылымға берілген мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтап, әр бөлікке сәйкес тақырып қой.

Мәтіннің құрылымдық бөліктері

Тақырыптар

Кіріспе

 

Негізгібөлім

 

Қорытынды

 

Балл қоюкестесі

Сөйлеу әрекеті

Жауаптар

Балл

Қосымшаақпарат

Оқылым

Жетіқарақшы

1

 

Сұрақ

Ат басындай алтынды қалай бөлді?

Жауап

Алтынды қазының майына орап, қайнатыпты. Жібіген алтынды оп-оңай пышақпен жетіге бөліп, өзара бөлісіп алыпты.

1

Тақырып бойынша басқа сұрақтар да есептеледі

Үлкен, дәу.

1

 

1.Үйінде ұл- қызы бардың,

Көгінде сөнбес жұлдызы ьар.

2.Жеті қарақшыны таныған адам,

Жеті қараңғы түнде адаспайды.

3.Арқасы аспанға тисе де,

Ақылы аяғының астында жатыр

1

 

1

 

1

Басқа мақаладар есептеледі

Бірде олар ҮркердіңҮлпілдек деген қызын ұрлайды.

1

 

Жұлдыздың көк тұрағы,

Түнде жайнап тұрады.

Өйткені ол- көрікті,

Көк аспанның шырағы.

1

Мағыналы, сауатты болу керек

Жазылым

1.Жетіқарақшы тіршілігі

 

 

2.Жетіқарақшы туралы аңыз.

 

 

3. Жетіқарақшы туралы  қызықты ертегінің аяқталы.

 

 

Барлығы: 12 балл

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст