Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 5 «А» сынып оқушылармен өткізілген тренингке ЕСЕП
Күні:13.12.2022ж
Барлығы -19, қатысқандар -19, қатыспағандар - жоқ
Зорлық -зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру, адамгершілігі мол, құқығын білетін саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау мақсатында жүргізілді. Сәлемдесу жаттығуынан кейін, «кешірім сұрау» жаттығуы өткізілді.
«Бала құқығы» туралы конвенция және заңы туралы қысқаша мәлімет берілді
«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» бейнежазбасын көріп, әр зорлық – зомбылықтың түрлерімен танысып жеке – жеке талқылау жүргіздік.
Топқа бөліну, 3 топқа бөлініп
1. Зорлық –зомбылық –ол....
2.Физикалық зорлық –зомбылық -ол
3.Кибербуллинг –ол... тақырыбында постер жасап қорғады.
Әр топқа берілген қағаздарға тақырыпқа байланысты постер жасайды, оны топпен қорғау.
«Аяқталмаған тезистер» атты анкета бойынша ойларын білу «Кері байланыс» жаттығуында алған әсерлерімен бөлісті. Сонында оқушылармен бірге қортынды шығардық