«Алақай, мен 5 - сыныпта оқимын!» тақырыбы 5 «Ә» бойынша тренинг – сабаққа ЕСЕП:
5 - сынып оқушыларына орта буында оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо - педагогикалық қолдау көрсету мақсатында.
Күні 05.12.2022ж
Сыныпта барлығы - 14 оқушы, қатысты - 8, ауа – райының қолайсыздығына байланысты қатыспаған - 6 оқушы.
Келсі міндеттер қарастырылды:
- 5 - сынып оқушысының жаңа әлеуметтік статусы туралы түсінігін дамыту;ü
- Өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру;
- Басқалармен тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін түсіндіру;
Қажетті құралдар: дәптер, қалам, карандаш, жұмсақ ойыншық немесе доп, әуен.
Жұмыс жоспары бойынша түгел жаттығулар орындалды, оның ішінде топтық ережемен танысып қабылдап өттік.
«Орнымызды ауыстырамыз» жаттығуында балалар белсенділік танытып қызыға қозғалды
«Ой қозғау» мақсатында тренинг - сабақтың негізгі кезеңінде «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы өткізілді.
«Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы жазбаша орындалды, оқушылардың жауаптары тыңдалады. Оқушылардың көпшілігіне ортақ, сәйкес келгендері саналады