Текст
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 6-9 сынып оқушыларымен аға участкелік полиция инспектор қызметкері Жусупов Аслан Арыстанұлымен кездесу өткізілді. Мақсаты – мектеп ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу арқылы қауіпсіз, жайлы және тәртіпті орта қалыптастыру, оқушыларға құқықтық тәрбие беру және олардың заңға қайшы әрекеттер жасауының алдын алу.