19 сәуір күні 2022-2023 оқу жылының екінші жарты жылдық мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының басты тақырыбы " Жасөспірімдер арасындағы психикалық күйзеліске әкелетін буллингтің алдын алу". Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зоблықтың алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мен ата-аналарды ақпараттандыру және біріге жұмыс жасау. Сонымен қоса ата-аналар жиналысына аудандық білім бөлімінің бас маманы Тулебаев Арман Адаевич және кадр бөлімінің қызметкері Жолдыбаева Индира Муратовна қатысты. Күн тәртібінде қаралды:
1. 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар
2. Жасөспірімдер арасындағы психикалық күйзеліске әкелетін буллингтің алдын алу
3. Отбасы тәртібі
4. Құқықтық ақпарат
5 Әртүрлі мәселелер
Жиналыс соңында ата-аналарға буллингтің алдын алу мен құқықтық заңдар жөнінде жадынамалар таратылды!