«Ақмола облысы білім басқармасының
Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі
Макинск қаласының мектеп-лицейі»
Әлеуметтік педагогтың
ІІ тоқсанда атқарылған жұмысының есебі
Мақсаты: оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру,
отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Міндеттері:
- оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- құқықтық тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу;
- «Тәуекел тобындағы» балалардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру жүйесін дамыту
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру бойынша 2024-2025 оқу жылының ІІ тоқсанында 1-4 сыныптарда 106 оқушы, 5-11 сыныптарда 37 оқушы тегін тамақтануда. Бір оқушы басқа мектепке ауысты. Қазіргі уақытта 36 оқушы тегін тамақтанады. Күнделікті ас мәзірі мен тағамдар фотасы мектептің сайтына салынып отырады. Ас мәзірі сайтқа апталық және айлық салынып отырады.
Бракеражды комиссия бойынша Омарова Балгадиша Негметовна тағамның сапасы мен оқушылардың тамақтануын екінші тоқсанда бақылап, АКТ толтырылды.
«ALAQAN» жобасы іскеқосылды қазіргі уақытта бастауыш сыныптардың барлығы алақан арқылы тамақтануда, 5-11 сыныптардың 36 оқушының 9 оқушы әлі ваучер өтпеді, бұл оқушылардың тізімі оқу бөліміне жіберілді.
Оқушылардың күнделікті сабаққа келуін бақылау журналы мен анақтамалар журналдары күнделікті жүргізіліп отырады. Себепсіз сабақты босатқан оқушылар жоқ, оқушылардың анықтамалары мен ата-аналарының түсініктемелері бар.7 «Ә» сынып оқушылармен «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тренинг сабақ өткізілді.Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтып өтілді. Оқушыларға өз жүрген орталарынд мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Оқушыларымыз Бурабай қаласынадағы «Ақмарал» фермасына бір күндік экскурсияға барып қайтты, біздің мектептен 10 оқушы барды. Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар мен үздік және белсенді оқушыларды жіберілді.
29 желтоқсан аудан әкімінің шыршасына қамқарлық тобындағы оқушымыз Омарова Сабина барып қайтты, мерекелік дастархан жайылып сыйлықтар берілді. Жылдың аяғы қаржылай көмек алған 37 оқушыға жаңа жылдық кулек берілді. Және даярлық тобындағы 12 оқушыға да жаңа жылдық кулек берілді.
«Ақмола облысы білім басқармасының
Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі
Макинск қаласының мектеп-лицейі»
Әлеуметтік педагогтың
ІІ тоқсанда атқарылған жұмысының есебі
2025 оқу жылы