«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Телефонға тәуелділік туралы 5 шындық

Телефонға тәуелділік туралы 5 шындық

        Смартфон — заманауи адамның ажырамас серігі. Біз онымен жұмыс істейміз, байланысамыз, көңіл көтереміз және тіпті демаламыз. Алайда күнделікті қолымыздан түспейтін бұл құрылғы бір сәтте психологиялық тәуелділік көзіне айналуы мүмкін. Телефонсыз тамақ іше алмайтын, ұйықтай алмайтын, хабарлама болмаған күннің өзінде смартфонын қайта-қайта ашатын сәттеріңіз болды ма? Бұл жай ғана әдет пе, әлде қауіптің белгісі ме?

1. Цифрлық тәуелділік дегеніміз не және ол қалай көрінеді?

Цифрлық тәуелділік — бұл компьютерлік және онлайн-ойындарға шамадан тыс тартылу, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардан шықпау ниеті. Мұндай адам өз мінез-құлқын бақылай алмайды. Қанша уақыт компьютер, ойын құрылғысы немесе смартфон қолданғанын аңғармайды.

2. Егер адам үнемі телефонында отырса, бірақ бұл оған «кедергі жасамаса», бұл тәуелділік пе?

Егер адам үшін интернетте өткізілген уақыт басымдыққа айналса — бұл да алаңдатарлық жайт. Мысалы, оқушы сабақтан қашып, ойнау үшін интернетке кірсе немесе ересек адам жұмысын, ата-аналық міндетін елемесе, бұл да тәуелділікті көрсетеді. Тағы бір айқын белгі — адамның өз ағзасының табиғи қажеттіліктерін елемеуі. Мысалы, ойыннан шықпау үшін ұйқыны азайтуы, толыққанды тамақ орнына фастфуд пен энергетиктерді тұтынуы мүмкін.

3. Егер адам телефонын ұмытып кетсе немесе ол өшіп қалса, қатты уайымдауы – бұл тәуелділіктің белгісі ме?

Қазіргі заманда смартфонда адамның бүкіл өмірі сақталғандай: маңызды байланыстар, мессенджерлер, күнтізбелер, жоспарлау қосымшалары, мобильді банк және тағы басқалары. Яғни, адам смартфон арқылы әлеммен байланыс орнатып, өзін қауіпсіз сезінеді. Сол себепті, құрылғысын ұмытып кетсе, мазасыздық сезінуі – табиғи құбылыс.

4. Неге кейде жаңа хабарлама болмаса да, телефонды тексергіміз келеді?

Телефонды тексеру – бұл әдет. Ол адамның маңызды қажеттіліктерін смартфон арқылы қанағаттандыруға ұмтылуынан туындайды.

5. Цифрлық тәуелділіктің алдын қалай алуға болады?

 Аддикция (тәуелділік) әдетте адамның интернет немесе ойын сияқты құралды жағымды эмоция алудың жалғыз көзіне айналдырған жағдайында пайда болады. Басқа жолмен ләззат алуына кейде оның тұлғалық ерекшеліктері, өмір сүру деңгейі, көңіл-күй бұзылыстары немесе үрейлі жағдайлар кедергі келтіруі мүмкін.

Иә, бұл әлі толыққанды тәуелділік емес. Бірақ дәл осы сәтте ойланып, мына сұрақтарға жауап іздеген жөн: мен неден қашқым келіп жүр? Интернет пен ойындардан не алғым келеді?

Яғни, тәуелділікке итермелейтін себептерді іздеу қажет. Өзіңізге интернет несімен құнды? Неліктен одан ажырағыңыз келмейді? Ал бұл қажеттіліктерді қауіпсіз, балама жолмен қалай қанағаттандыруға болады?

Мысалы, сізге қарым-қатынас пен қабылдану сезімі жетіспейтін шығар. Олай болса, оны шынайы өмірде алуға тырысыңыз.


Текст