«Ақмола облысы білім басқармасының
Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі
Макинск қаласының мектеп-лицейі»
2024-2025 оқу жылы
Мектеп асханасына ІІ тоқсанда тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу бракеражды комиссиясы туралы ақпарат
Мақсаты: Мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамту деңгейін көтеру және 1-4 сынып оқушылардың тегін ыстық тамағының ұйымдастыру дәрежесін бақылау.
Бүгінгі таңда жалпы мектеп асханасынан ыстық тегін тамақпен тамақтанатын 1-4 оқушылар саны – 106 ,оның ішінде 5-11 сынып оқушылар тегін ыстық тамақ ішетін оқушылар -37 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша:
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Уақытылы медициналық тексерістен өтіп тұрады. Медбике таңғы уақытта тамақтын сапасын, дәмін уақытылы бақылап қайтады.
Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған.
Тамақтың сапасы, құнарлығы: тамақтың дайндалуы асхананың режиміне сай.
Ас мәзірі асхана бұрышына ілінген, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынады.Асханада дайындалған тағамдарының түрлі мәзірі бірден сатылып кетеді. Қайнаған су бар.
Тоңазытқыштың тазалығы нормаға сай, әр азық-түлік тоңазытқышта өз орындарына қойылған. Ет өнімдері жеке сақталады.Мектеп асханасында тиым салынған азық-түліктің сақталмайды және тамақ өнімдері,азық-түлік шикізаттарының сертификаттары талаптарға сай
Оқушыларға ұсынылатын сусындар мен шырындардың өз көлемінде құйылып, берілетіндігі анықталды.
1-4 сынып оқушылары ұйымдасқан түрде тамақтанады. Үзіліске қоңырау басталғанға дейін үстелдер жасаулы тұрады.