«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» КММ
ИҚК мамандарының атқарылған жұмыс түрлері бойынша
бірінші жартыжылдық бойынша есебі
Мектепте 2023 жылдың қыркүйек айында инклюзивті қолдау кабинеті ашылды, онда психологтік-дәрігерлік-педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша 11 оқушы тізімде болды. Үйде отырып оқитын мүгедектігі бар анықтамасымен – 1 оқушы болып, наурыз айындағы ПДПК-ның шешімі бойынша Макинск қаласының №9 тұзету кабинетіне аустырылды. 10 оқушымен мектепте ИҚК мамандары: логопед, психолог жұмыс атқарды.
2024 жылы қыркүйек айынан бастап жоспар бойынша дефектолог маманын берді. Қыркүйек айында жоспар бойынша бірінші отырыс өткізілді. Қарастырылған күн тәртібінде: мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттарын бекітіліп, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ПМПК қорытындыларымен таныстырылды және ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды биылғы оқу жылына ПМПК апаратын оқушылар тізімін қарастырылды. Отырысқа мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері қатысты. 2024 жылы қазан айында келген психологтік-дәрігерлік-педагогикалық кеңесіне 10 оқушыны тізіммен көрсету шешілді, ауырған себеппен 1 оқушы көрсетілмеді. 5 оқушыда жақсы көрсеткіш болғандықтан ПДПК-дан шығарылды. Жалпы қазіргі уақытта 7 оқушымен жұмыс жасалуда.
ИҚК кординаторның жоспары бойынша оқу жылының басынан қолдау қызметінің екі отырысы өткізіліп, жоспарланған сұрақтар қарастырылды.Қараша айында педагогикалық консилиум отырысы өткізілді. Отырысқа мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері қатысты. Қарастырылған сұрақтар: ПМПК қорытындыларымен таныстырылды, логопед Бекетаева Б.А.“Дисграфия және дислексия дегеніміз не?” атты баяндама оқыды және пән мұғалімдерінің ПМПК тізіміндегі оқушылардың білім деңгейінің динамикасы бойынша ақпарат беріп , пән мұғалімдерінің ПМПК тізіміндегі оқушылардың білім деңгейінің динамикасы бойынша ақпарат беріп өтті. Пән мұғалімдері оқушылардың белсенділіктерін, оқуға деген құлшыныстары мен тәртіптерін алға тартты.
Алдағы уақытта жоспар бойынша іс-шаралар атқарылып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың тең құқығын анықтап және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытып, осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеуді жалғастырамыз.
Есеп жазған директордың бейіндік бойынша орынбасары: С.Ж. Темирханова