Мектептің әдістемелік тақырыбы: Ұстаздардың әдістемелік шеберліктерін қалыптастыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Мақсаты: мұғалімнің өз білімін, кәсіби деңгейін жетілдіруіне жағдай жасай отырып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы оқушыларға сапалы білім беру, рухани адамгершіліктерін қалыптастыру арқылы отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу
Міндеттері:
ü Әр оқушыға ұлттық тәрбиенің құндылығын, тілдің құрметін таныту, Отандық патриотизмге, адамгершілікке, ұлтаралық татулық пен толеранттылыққа тәрбиелеу.
ü Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын, Тіл туралы, білім туралы, Еңбек туралы, Сыбайлас жемқорлық туралы Заңдарды, Білім беру Тұжырымдамасын, және басқа нормативті-құқықтық құжаттарды оқып-білу және жүзеге асыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру;
ü педагогтардың әдістемелік шеберліктерін қалыптастыра отырып, сабақ беру сапасын арттыру;
ü оқытудың жаңа технологиялары мен әдістері арқылы тәжірибелік деңгейін, білім сапасын арттыруға қол жеткізу;
ü оқушыларды бейінді сыныптарда, пәндерді тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру, дарынды оқушыларды қолдау, оларды барлық деңгейдегі интеллектуалдық сайыстарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын қамтамасыз ету;
ü оқушылардың өзін-өзі басқаруын тірек етіп тәрбие жұмысының жүйесін үнемі жетілдіру;
ü салауатты өмір салтына тәрбиелеу, қылмыстың алдын алу балаларды әлеуметтік қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру, оқушылардың тамақтануын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
ü мектептің материалды-техникалық базасын бекітуді қамтамасыз ету;
ü ерекше білім беру қажеттілігі бар білімалушыларға әлеуметтік-псхологиялық қолдау көрсете отырып, қолайлы білім алу ортасын құру;
ü курстық даярлықтан өту, аттестаттау және өзіндік білім көтеру арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру;
ü қашықтан оқытуды іске асыру үшін мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын арттыру және ақпараттық технологияларды практикаға енгізу.