Текст
Бұланды аудандық полиция бөлімінің «Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу туралы» хатына сәйкес 11 «А» сынып оқушылары 2023 жылдың 1 наурызында өткен «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты. Шара барысында студенттер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мекемелері» атты бейнероликті тамашалады. Полиция инспекторларының лекциялық материалымен таныстық. Сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға оқ өтпейтін жилет киіп көруді ұсынды, қызметтік қаруды көрсетті. Шара соңында полиция бастығының орынбасары оқушыларға қызметтік көлікті таныстырды.