«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас мұғалімдермен тренинг – сабақ «Ұжымдық қатынас» 2025ж

Жас мұғалімдермен тренинг – сабақ «Ұжымдық қатынас» 2025ж

Мақсатым: жас мұғалімдерді ұжымға кірістіре отыра, қарым – қатынастарын біріктіру

Ереже.  Сыйластық. Бір микрофон. Шынайлық. Қазір және осы жерде.

  1. Амандасу.  Екі шеңберде.

Нұсқаулық. Сізге бірінші, екінші санатқа есептеуді ұсынамын. Бірінші нөмірлер ішкі шеңберді, екіншісі - сыртқы шеңберді құрайды. Бірінші нөмірлер орнында қалады - екіншісі бірінші шеңбердің айналасында сағат тілі бойынша қозғалады, бұл ретте әрбір жұп сәлемдесу сөздерін айтады және тиісті іс-қимылдарды орындайды.

СӨЗДЕР. Сәлем, досым! - Қол алысамыз.

Қалай боласың? - Бір-біріміздің иығымызды шапалақтаймыз.

Сіз қайда болдыңыз? - Бір-біріңізге иықпен тақасамыз

Мен сағындым! - Қолымызды жүрегімізге қоямыз.

Сен келдің! - Қолдарымызды екі жаққа бөлеміз.

Жақсы! - Құшақтаймыз.

Қатысушылар жаттығуды орындайды.

  1. Жаттығу: "Қатар- қатар"

Мақсаты: ұжымды біріктіру.

Ол үшін мен сізден жұптарға бөлініп, ішкі және сыртқы екі шеңбер құруыңызды сұраймын.

Ойын мынада, мен сізге қозғалысты өте тез атаймын, ал сіз оны тез орындауыңыз керек. Бірақ «қатар-қатар» деген сөзді естігенде, серіктесіңізді ауыстыруыңыз керек. Дайынсыз ба? онда бастайық:

Сол қолға сол қол

Арқаға артқа

Жұдырыққа жұдырық

Қатар-қатар

Саусаққа саусақ

Құлаққа құлақ

Қатар-қатар

Алақан мен алақан

Қатар-қатар

  

Санға сан

Тізеге тізе

Қатар-қатар

Табанға табан

Жауырын  жауырын

Қатар-қатар

Оң қолға оң қол

Маңдай маңдайына

Шынашақ шынашаққа

  1. Танысу. «Футболка» әдісі. Өздері туралы әр бөлшеккке ақпаратты жаза отыра таныстыру
  2.  «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Мұғалімдерге мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін мұғалімдерге үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Мұғалімдерге салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, психолог олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл адамды өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл  – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, Сіз «басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

  1. «Сөйлемді аяқта» жаттығуы

Маған ұнайтын үш нәрсе...

Маған қиын егер...

Мен ренжимін егер...

Менің сезімім ұжымда...

 

 


Текст