Текст
«Денсаулық күні» мектеп ұстаздары мен оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директорының м.а Серік Нұртуған спортттық іс-шараларға қатысушыларды құттықтап, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға, жеке бас гигинасын сақтауға, дене шынықтырумен спортпен шұғылдануға мектеп партасынан - ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге шақырды. Әр бір азамат спортпен айналысып, әртүрлі спорт секцияларына қатысып еліміздің дені сау, рухы күшті азаматы болып өсулеріне тілектес екенін білдірді.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Мазах Әдепхан мен Жапекенов Жанат жарыстың өткізу ережесімен таныстырды. «Денсаулық күні» оқушылардың спорттық жаттығуларымен басталды.