Текст
2 “А” және 3 “А” сыныптарында «Адал-азамат -Адал-еңбек -Адал табыс» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" — бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Адал азамат дегеніміз — жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды.
Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам "Адал азамат" деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды.