«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

 

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17553 болып тіркелді.

       

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

     Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

      1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз тасығышта жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес құжаттар ұсынады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

      3. Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама (құжаттарды қабылдау не дәлелді бас тарту) жіберіледі.

      4. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылданатыны туралы хабарлама не болмаса дәлелді бас тарту келеді.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші үшеуге оқуға қабылданғаны туралы, содан соң - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

     6. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінімді қағаз жеткізгіште берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданатыны немесе дәлелді бас тарту туралы қолхат береді.

      Өтінімді қағаз жеткізгіште берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші баланы қабылдаған кезде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген бірінші үшеуін қабылдау туралы, содан кейін - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге қабылдау туралы хабарлама жібереді.

      Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.

     

 

Бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидасына
1-қосымша

 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)арқылы;

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - бір жұмыс күні.

 

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

 

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және оқуға қабылдау туралы хабарлама алады, құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде - бас тарту себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді. - көрсетілетін қызметті берушіге: Көрсетілетін қызметті беруші қабылдау барысында ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап өз аумағынан өтініш берген үш көрсетілетін қызметті алушыға, содан кейін - басқа аумақтан алдыңғы тіркелгендер қатарынан 1 (бір) үміткерге ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданғаны туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде (қағаз жүзінде) - ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылдағаны және оқуға қабылданғаны, құжаттардың толық емес пакетін тапсыру кезінде - бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама беріледі.

 

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

 

7

Жұмыс кестесі

 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2) www.egov.kz порталында орналасқан.

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

- порталға:

1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

 2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):

1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

2) жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;

 3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

4) баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi.

Тиiстi мемлекеттiк органдар шектеу iс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгiзілген, белгiлi бiр аумақта әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда шектеу шараларын алып тастау, төтенше жағдайды тоқтату шаралары қабылданға дейін № 065/у және № 052-2/у нысанындағы медициналық анықтамаларды осы аумақтағы көрсетілетін қызметті алушылар тікелей білім беру ұйымына қажеттілігіне қарай береді.

 

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

 2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 тіркелген) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.

 

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптары

1)Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (жиырма) минут.

2)Қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі 15 минуттан аспайды. Көрсетілетін қызметті алушы ата-анасының (заңды өкілдерінің) ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы, және бірыңғай байланыс-орталығы (1414), 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ақпарат сұралатын тұлғаның келісімімен, үшінші тұлғалардың электрондық сұранысы.

 

 

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық
бағыныстылығына
қарамастан білім беру
ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға
қабылдау" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
қосымша

 

Нысан
_______________________
білім беру ұйымының атауы
_______________________
директордың ТАӘ
(болған жағдайда) кімнен
__________________
ата-ананың (заңды өкілдің)
ТАӘ (болған жағдайда)
Телефоны: _________________

         

 Өтініш

       Менің балам _________________________________________

       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

       _____________________________________________________

       (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

       _____________________________________________________

       тіркелген мекенжайы бойынша

       _____________________________________________________

       (білім беру ұйымының толық атауы) қабылдауды сұраймын.

       Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

       пайдалануға келісемін.

      _______________ "___" ________ 20__ жыл

институты» ШЖҚ РМК

Жаңартылған күні: 06.12.2024 12:23
Құрылған күні: 06.12.2024 12:23

Текст