«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қорлық көрген баланың ата-анасына ақыл-кеңес

Қорлық көрген баланың ата-анасына ақыл-кеңес

 

"Алдымен ата-анасы не істеуі керек, осыған тоқталайық. Қорлық көрген баланың ата-анасы көп жағдайда кінә, ұят, ашу және әлсіздік секілді сезімдерді басынан өткереді. Осыған байланысты кейде қолдау мен жанашырлықтың орнына олар: "Неге қарсы жауап бермедің?", "Әлсіз болма!", "Өзің кінәлісің" деген секілді сөздер айтып, баланың өзін айыптайды. Бұл кез келген отбасының басынан өтуі мүмкін екенін ұмытпау шарт. Бұл жерде ешкімнің кінәсі жоқ, әсіресе баланың. Керісінше, мына сөздер бала мен ата-ананың әңгімесіне оң әсер етеді:

  • "Мен саған сенемін". Бұл балаға кез келген жағдайда өзін жалғыз емес екенін ұқтырады;
  •   "Бұл сенің кінәң емес". Осы арқылы балаға мұндай мәселеге тап болып тұрған өзі ғана емес екенін түсіндіру маңызды;
  •  "Мен сені жақсы көремін және енді қайта қауіп төнбес үшін барлығын жасаймын". Бұл балаға қорғаныш сезімін ұялатып, болашаққа үмітпен қарауына көмектеседі.

Балаңыз кез келген жағдайда көмек сұрауға дайын болатындай әрқашан сенімді қарым-қатынас орнатыңыз".

 

Педагог – психолог Ханаева Лаззат Кайкеновна

Жаңартылған күні: 11.10.2024 09:50
Құрылған күні: 11.10.2024 09:50

Текст