«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көкшетау Жоғарғы техникалық колледжі»

Кәсіптік бағдар беру  бағытында мектебіміздің 9-сынып оқушыларына  «Көкшетау Жоғарғы техникалық колледжі»  туралы ақпараттар мен түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі заман талабына сай сапалы білім алып, болашағына нық қадам жасағысы келетін жастар үшін Көкшетау Жоғарғы техникалық колледжі өз жұмыстарын таныстырды. Бұл оқу орны заманауи білім беру жүйесімен ерекшеленіп, білікті мамандар даярлауда үлкен жетістіктерге жетіп келеді.
   Колледжде студенттерге теориялық біліммен қатар, тәжірибелік дағдыларды меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді. Заманауи зертханалар, арнайы жабдықталған кабинеттер және өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Білікті әрі тәжірибелі оқытушылар әрбір студентке бағыт-бағдар беріп, олардың қабілетін ашуға көмектеседі. Сонымен қатар, колледжде түрлі үйірмелер, жобалар мен байқаулар ұйымдастырылып, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасалған.
Көкшетау Жоғарғы техникалық колледжінің түлектері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Олар әртүрлі салада табысты жұмыс істеп, ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда.
Білімді де білікті маман болу – бүгінгі таңда сенің қолыңда!


Текст