«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Макинск қаласының мектеп-лицей» КММ көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

02.03.2018

«Макинск қаласының мектеп-лицей» КММ көрсететін

мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет

ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1.     көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына,

нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне

байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

2.    мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

3.     мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

4.    мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5.    мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

6.    мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

«Макинск қаласының мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2013

жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін білім ұйымы.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды, қағаз түрінде.

2017жылы 121 қызмет  білім бөлімі арқылы көрсетілген.

2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ

уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде көрсетіледі.

2017жылы 1 қызмет мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.

3.  «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

2017жылы 3 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

4. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға

біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

5.«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны:қағаз түрінде көрсетіледі.

2017 жылы  қызмет  мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.

2017 жылы 24-26 қазан айында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру» тақырыбында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру курстарын өткендер:

Темиргалиева Анар Еслямбековна, Макинск қ., «Мектеп-лицей» КММ-нің директоры;

Каренова Айжан Сериковна, Макинск қ., «Мектеп-лицей» КММ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Кожабергенова Бахытгуль Саттаровна, Макинск қ., «Мектеп-лицей» КММ-нің хатшысы.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Макинск қаласының мектеп-лицей» КММ-нің көпшілікке

қолжетімді орындарында арнайы ақпараттық стенділерде, сондай-ақ «Бұланды

ақпарат» аудандық газетінде жарияланады. 2017 жыл бойынша 24 мақалалар жарияланып, 4 семинар өткізілді.  

«Макинск қаласының мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2017 жылдың 1 қантар айынан 31

желтоқсан айы аралығында қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.

Байланыс телефондары:

Макинск қ, З.Космодемьянский көшесі 67  «Макинск қаласының мектеп-лицей» ММ  тел.2-25-44,5-00-76

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Просмотров: 329

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст