«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бірлік» лагерінің І маусымда өткізілген іс-шаралары жөніндегі есебі

12.06.2024

2023-2024 оқу жылында мектептің «Бірлік» лагерінің

І маусымда өткізілген іс-шаралары жөніндегі есебі

 

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалауы үшін мектебіміз 03-21  маусым аралығында мектеп лагерін ұйымдастырып отыр. Биылғы лагердің ерекшелігі қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, оқушыларды патиоттық тәрбиеге баулу мақсатында  мектеп ауласына киіз үй құрылып, оқушылармен ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер, мәдени құндылықтар мен ұлттық тағамдар жасау түрлері көрсетілді.  1 Маусым балаларды қорғау күніне  аудандық «Балуан Шолақ» атындағы спорттық стадионында «Ұлттық ойындар» өткізді. Ұлттық ойындар пайдалы әрі оқушыларға уақытты  қызықты өткізулеріне әсер етті. Жазғы лагерь мектебіміздің «Бірлік» лагерінің ашылу салтанатымен басталды. Лагерде оқушылар таңғы жаттығулармен басталып, жоспар бойынша іс-шаралармен ұйымдастырылуда. Атап айтар болсақ «Ұлттық тағамдар» іс-шарасы барысында қыздар бауырсақ пісіруге көмектесіп, құрт жасады. Ұлдар қазақтың бұйымдарын жасауды үйреніп, қыздарға ою оюға көмектесті. Сонымен қатар «Асық ату», «Бес асық», «Арқан тарту» ойындары ұйымдастырылды. Оқушылар мектеп жанындағы орманға саяхат жасап таза ауада қызықты ойындар ойнады. Әр маусымға жоспарланған қызықты іс-шаралар өз жалғасын таба береді.

 
Просмотров: 2003


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст