«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Екі жұлдыз» сценарий

13.02.2020

«Екі жұлдыз» сценарий

Жүргізуші -1

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де мектепке келіп жетті.

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:

«Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған сияқты.

Қаз - қатар өскен тату бақ,

Ойланып қалған сияқты».

 

Жүргізуші -2

«Көзіңнен күлкі үйірілген

Айналдым кірпігіңнен

Бір ұшқын шарпып өтті,

Сөйтті де ғашық етті!» - деген ән жолдарын бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» бағдарламасына хош келдіңіздер!

Бүгінгі Екі жұлдыз екі бөлімнен тұарды: Бірінші бөлімде мектеп ұстаздары мен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз, ал екінші бөлім әуенді тап яғни угадай мелодию деп аталады.

 

Жүргізуші -1

Ендеше жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе? Ондай болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Өжекей Заурегүл
  2. Эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі Қарлығаш Құттыбековна

Жүргізуші -1

Ал енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырайық.

1)Замира апай және Сейл Нұрай

2)Ғалымбек ағай және Күнтуған Ботагөз

3)Рина апай және Күнтуған Жангелді

4)Бердігүл апай және депханұлы Думан

Ал, жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік тілейміз. Сіздер сахнаға шығуға дайындалғанша, бағдарламамыздың ашылу құрметіне Арулар би тобының орындауында тамаша билерін қарсы алыңыздар.

 

Жүргізуші -1

Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз алғашқы жұптарымызды ортаға шақырамыз.

 

 

Жүргізуші -2

Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген                     , айдай ажары бар аруымыз бен жұбына құт болған қошеметпен ортаға шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар! Рахмет!

 

Жүргізуші -1

Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымыз:

 

Жүргізуші -1

Қазақ қонақ келсе төрге,

Әнші келсе өрге,

Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі жұбымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

 

 

Жүргізуші -1

(Көрермендер алғыс) Сәттігүл апай, осы өнер көрсеткен жұптарымыздың қайысы сізге ұнады және неліктен?

 

Жүргізуші -2

Ой, Аяулым, маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып, дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығы да жақсы айтты деп ойлаймын.

 

Жүргізуші -1

Рас айтасыз, бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болады. Ондай болса, осымен 1-ші бөлім аяқталды деп жариялап жұптар екінші бөлімге дайындық жасағанша, тағы сіздердің құрметтеріңізге арнап Айдана қыздарыңыздың орындауында сазды әуенімізді қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші -1

Осыдан екінші бөлімімізді бастайық. Жұптарды  ортаға шақыру.

Қазір 4 ән қойылады тапқан жұп қол көтеріп, сол әннің атын, бір шумағын айтып беруі тиіс қай жұп бірінші қол көтереді сол жауап береді.

Ал енді әділ-қазылар өз шешімін шығарғанша біздің әнімізді алыңыздар.

«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.

 

  1. «Ең үздік дауыс»
  2. «Жарасымды жұп»
  3. «Талантты жұп»
  4. «Биші жұп»
  5. «Ең әдемі жұп»

 

Жүргізуші -2

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін

Жүргізуші -1

Осымен, «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтаймыз.

Әр жұп жұлдыз болуға лайық, Қос жұптардың жұлдыздарын бірге жағайық.

Екі жұлдыз әні

Просмотров: 6325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст