«Макинск қаласының мектеп-лицей» КММ
ІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталушы
Математика пәнінің мұғалімі Ахметжанова Маржангуль Садуовнаның коучинг бойынша рефлексивті есеп
Мектебіміздің даму жоспары бойынша 11 желтоқсан 2019 жылы облыс деңгейінде семинар өтті.Сонда әр облыстан келген ұстаздармен коучинг өткіздім.Коучинг сабағымның тақырыбын «Сабақтағы тиімді кері байланыс- мұғалім жетістігі» деп алдым. Мақсатым «Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.» Коучингке бір тренер және 25 ұстаз қатысты..
Сабағымның нәтижесінде мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді.
Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.
Әр топта тәжірибелі мұғалімдер мен жас мамандар да болды. Алдымен құрылған үш топтан топтарда жұмыс жасау үшін қандай ережелер болу керектігін айтып кеттім. Коучинг сабағымның тақырыбын анықтау мақсатында «Көбелектің куыршақтан шығуы» бейнеролигін көрсеттім . Көрсетілім бойынша әр топтың пікірін тыңдап, сабақ тақырыбын өздеріне ашқыздым.
Одан кейін«Кемпірқосақ» стратегиясы бойынша үш топқа:
1.Кері байланыс дегеніміз не?
2.Кері байланыс жүгізудің мақсаты
3. Кері байланыстың түрлері
Тақырыптарын бөліп беріп, постер қорғаттым. Әр топ тапсырманы орындауға қызу кірісіп кетті. Берілген уақыт аяқталғаннан соң топтар ортаға шығып кері байланыс туралы ойларын ортаға салды .