«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын жүрек адам» атты мәтінді мәнерлеп оқу сайысын

05.02.2020

Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

«Макинск қаласының мектеп-лицей» КММ – сінде өзін-өзі тану апталығының ашылуына байланысты « Махаббат пен Шығармашылық педагогикасынның» онкүндігі жоспар бойынша өтілуде.

Өзін-өзі тану пәнінің мектеп бағдарламасына енуі – Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі – Адам болып қалыптасуының алғы шарты. Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту осы пәннің еншісіне тиді. Бұл істе – Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі орасан! Үлкен жүректі Ел Анасының, сүйіспеншілік пен махаббатқа негізделген ойлары мен тұжырымдарының жемісі. Жақсыны ұлықтай білу де, жайсаңды қызықтай білу ақылдың ісі  . Осыған орай : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспарына сәйкес 4 ақпан  күні «Алтын жүрек адам» атты мәтінді мәнерлеп оқу сайысын  өзін-өзі тану мұғалімі Е.А.Ризабековна өткізді.

Сайысқа бастауыш сынып оқушылары , ортаңғы буын мен  жоғарғы сынып оқушылары арасынан 18 оқушы белсене қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды. Оқушыларымыз  қазақ халқының ақын-жазушыларының, жыршы-жырауларының  өлеңдерін мәнерлі, нақышты, жүрекпен орындағанын есту біз үшін үлкен мақтаныш болды.

Мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздарын анықтап,  марапатау - білім алушыларды қуанышты көңіл-күйге бөледі.

     

     

Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст