«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС.

06.01.2020

       Қазақ тілінен ашық сабақ "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысы.

 

«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС.

 

        Мұғалім Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «ХХI ғасыр көшбасшысы» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

    ХХI ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – ана тілімізді ардақтау.

Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы.

   Сондықтан  ортамызға бүгінгі сайыскерлеріміз келіп отыр.  Олар тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен ойындарын бастамақшы.

     Мақсаты Оқушыларды өз тілдерін аялауға шақыра отырып, адалдыққа және білімділікке баулу. Білімдерін пайдалана білуге үйрету.

    Барысы Ұйымдастыру кезеңі. 6А, 6Ә сыныптарын ойын барысымен таныстыру. Әр топтан екі топ басшы сайлау. Топ басшылар өздерін таныстыра кетеді.

  • Аты- жөні.
  • Алдына қойған мақсаты.
  • Ұнататын пәндері.
  • Бос уақытын қалай өткізеді?

 

Сайыстың шарты:

1 кезең      БӘЙГЕ

2 кезең      ПОЛИГЛОТ

3 кезең      ҒАЖАЙЫП АЛАҢ

4 кезең      ЖОРҒА

 

1 кезең БӘЙГЕ: қолдарыңызды  көтеріп, сұрақтарға жауап бересіздер, әр жауап берген сұраққа 5 ұпай.

 

 

1.     Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

2.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторын ата?

3.     Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

4.     Жаңа туған балаға берілетін той?

5.     Астана- Бәйтерек кешенінің биіктігі қанша? (97 метр)

6.     Заттың қимылын білдіретін сөз табы?  (Етістік)

7.    Ақмола деген сөз атауы қай сөзден шыққан ? (Ақ Мол)

8.     Қазақстанның бірінші астанасын ата, қай жылдан қай жылға дейін астана болды? (Орынбор. 1920-1925)

9.     Үндістанның Агра қаласында орналасқан кесене (Таж- Махал)

10.     Әлемдегі ең биік амфитеатр қалай аталады? (Колизей)

11.  Биік жартасқа орналасқан Иордания қаласы қалай аталады? (Галикарнас)

 

 

2 кезең ПОЛИГЛОТ. Жұмбақтарды шешуін тауып, үш тілде айтуыңыз керек. Әр жауап 10 ұпай.

1.     Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде,

Бірін-бірі көрмейді.

(Көз – глаза – айс)

2.     Асқар тауда қара орман.

(Шаш – волосы - хеа)

3.     Өзі сондай аппақ

Жесең оны тәтті –ақ.

(қант – сахар - шугә)

4.     Ти, ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

(Ерін – губы - липс)

5.     Судан алады, суға салсаң өледі.

(тұз – соль - солт)

6.     Ұрмай- соқпай жылатады,

        Бірақ әркім ұнатады.

(пияз – лук - ...)

7.     Аязға толы жәшігім,

        Ішінен тамақ тасыдым

(тоңазтқыш- холодильник

 

    Мақал- мәтелдердің жалғасын табыңдар.

 

  1. Өзін- өзі білген ер бақытты, өзін- өзі билеген ел бақытты.
  2. Жері байдың- елі бай.
  3. Білім басы- бейнет, соңы зейнет.
  4. Ғылым- теңіз, білім- қайық.
  5. Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

  1. Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.

 

3 кезең       ҒАЖАЙЫП АЛАҢ. Топ басшыларға арналған сұрақтар сайысы. Әрбір дұрыс жауап берген жауапқа 10 балл.

 

     Қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша сұрақтар:

1)

  1. Балдан тәтті кім? (Бала)
  2. Неологизм сөзге бір мысал келтір ( Жағдаят, жазылым, үнтаспа)
  3. Қазақстанның екінші астанасын ата. (Қызылорда)
  4. Абай қай жылы дүниеге келді? ( 1841 жылы)
  5. Қоғалы көлдер, қом сулар кімнің өлеңі? ( Доспамбет)
  6. Заттың не құбылыстың қасиетін кішірейтіп суреттейтін көркемдік құрал қалай аталады? (Литота)
  7. Аяз би ертегісіндегі басты кейіпкерді ата.  ( Жаман)
  8. Не істеді? Не қылды? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы. ( Етістік)
  9. –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің қай септіктің жалғаулары? ( Ілік септік)
  10. Кәсіби сөздер нешеге бөлінет? ( Екіге бөлінеді. Қолөнерге және ауылшаруашылық)

 

 

2)   1.Заттың атауын білдіретін сөз табы ( Зат есім)

 

      2. Көптік жалғауларын ата. (лар, лер, дар, дер, тар, тер)

      3. Ұяң дыбыстарды ата. (

      4.  Пышқы, шербек, әңгелек деген сөздер қай сөздерге жатады? ( Кәсіби сөздер)

      5. Көнерген сөзге бір мысал келтір. (Болыс, сұлтан дүрия)

      6. Аяз би ертегісінде Хан уәзірлеріне ненің жаманын тауып алып келіңдер дейді? (Адам, құс, шөп)

      7. Қашықтасың туған жер кімнің өлеңі? ( Әбу Насыр әл- Фараби)

      8. Абай қай жылы қайтыс болды? ( 1904)

      9. Ел бағу, Мал бағу, Ғылым бағу деген сөздер Абайдың нешінші қара сөзінен алынған? ( Бірінші сөз)

      10. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? ( Қандай? Қай?)

 

 

4 кезең      ЖОРҒА сайысы бойынша шашылған сөздерді жинап, сөйлемді дұрыс  құрау. Дұрыс жауапқа 20 балл. Топқа берілетін тапсырма.

І сайыскеркерлер:

  1. Үшін жазбаймын өлеңді мен ермек. (Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін)
  2. Лифт шарға алып көтеріледі арқылы. ( Алып шарға лифт арқылы көтеріледі)
  3. 64 мың ғимараттың шаршы жалпы метр ауданы. (Ғимараттың ауданы 64 мың шаршы метр)
  4. Төрт бар себеп ұмытпастыққа түрлі естіген нәрсені . (Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар)

   

 

ІІ сайыскерлер

      1.  Хат едім жазар ағама шіркін. (Шіркін- ағама хат жазар едім)

      2.  Тайғыш Аянның алды тобығы болып. (Аянның тобығы тайғыш болып алды)

      3.  Мін тұлпарыңыздың алмадым таба сипатынан.  (Тұлпарларыңыздың сипатынан мін таба алмадым)  

      4. Ибрахим шақырып азан есімі қойған. ( Азан шақырып қойған есімі- Ибрахим)     

 

  5 кезең. Дода. Ұяшықтарды әр топтағы оқушылар өздері таңдап алады. Дұрыс жауапқа таңдалған ұяшық саны.

  10 ұяшық сұрағы. Тарих пәні. Қаныш Сәтбаев кім? (Геолог, профессор, ғалым.)

  20 ұяшық сұрағы. Биология пәні. Жүрек дәрігері қалай аталады? (Кардиолог)

  30 ұяшық сұрағы. Әдебиет пәні. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45)

  40 ұяшық сұрағы. Қазақ тілі пәні. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (9)

  50 ұяшық сұрағы. Әдебиет пәні. Абай Құнанбаевтің екі атасының есімдері кім?

  60 ұяшық сұрағы. Арнай сұрақ көрермендерден.

 

Мұғалім         Сайыскерлер ойынын,

                    Тамамдадық біз бүгін,

                    Әділқазы береді,

                    Дұрыс, әділ шешімін.

 

 

Мұғалім: Көрермен қауым, ықылас қойып тыңдағандарыңызға рақмет.  Сау

 

 

 

 

 

 

болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Өзін- өзі білген ер бақытты, Өзін- өзі білген....
  2. Жері байдың- ....
  3. Білім басы бейнет, ....
  4. Ғылым- теңіз, ....
  5. Інісі бардың тынысы бар, ....
  6. Туған жердің қадірін шетте .....

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 кезең ЖОРҒА

 

  1. Сайыскерлерге арналған сөздер.

 

  1. Үшін жазбаймын өлеңді мен ермек.
  2. Лифт шарға алып көтеріледі арқылы.
  3. 64 мың ғтмараттық шаршы жалпы метр ауданы.
  4. Төрт бар себеп ұмытпастыққа түрлі естіген нәрсені.

 

 

 

 

 

  1.  Сайыскерлерге арналаған сөздер.
  1. Хат едім жазар ағама шіркін.
  2. Тайғыш Аянның алды тобығы болып.
  3. Мін тұлпарыңыздың алмадым таба сипатынан.
  4. Ибрахим шақырып азан есімі қойған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 2159


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст