Текст
2023 жылдың 19 қаңтар күні Бұланды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Ж.Алдабергенованың төрағалығымен әдістемелік кеңес өтті. Осы кеңесте мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Каренова Айжан Сериковна «Мектепішілік бақылаудың білім сапасына ықпалы» атты баяндама жасап 2022 жылдың қараша айында өткізген 7-8 сыныптардағы мектепішілік бақылау бойынша өзінің озық іс-тәжірибесімен бөлісті.