Педагогикалық кеңес отырысы
2023 жылдың 5 қаңтар күні педагогикалық кеңес отырысы өтті. Мақсаты: оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру , инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз етуде білім алушылардың үлгерімі және жеке ерекшеліктері ескеріліп, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, аралық аттесттау қорытындысы, озық педагогикалық тәжірибені тарату.
Осыған орай күн тәртібінде мынадай мәселелер қарастырылды:
- «Педагог» кәсіптік стандарты
-2022-2023 оқу жылының 2-тоқсан қорытындысы
-І жартыжылдықта артқарылған жұмыстың сараптамалық талдауы
-қорытынды аттесттауды ұйымдастыру
- оқу үрдісінде заманауи технологияларды қолданылуы бойынша тәжірибе алмасу
-ІІ жартыжылдықта мұғалімдердің оқу жүктесесін қарастыру
Сонымен қатар оқу үрдісін ұйымдастыру, ІІ жартыжылдыққа қойылған мақсат , міндеттер мен жұмыс жоспары, оқушылардың тамақтануы, қылмыс бұзылушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды.