«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өрт қауіпсіздігі

05.12.2019

Мақсаты мен міндеті:

Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.

Сабақты жүргізу әдісі : түсіндіру, презентация түрінде көрсету.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылардың сабаққа дайындығын  пысықтау.

ә) оқушыларды түгендеу

Өрт қауіпсіздігі.

Өрт–бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың  бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Өрт оқиғалары  негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орыналады. Оның себептері де әртүрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады:

1. Отты абайсыз қолдану;

2. Пештің ақаулығы;

3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау;

4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден-бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.
Өрт оқиғаларына бастыс ебепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып  отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен  бірге, үйде  жарылысқа  себепші  болып, үлкен  апатқа да соқтыруы  мүмкін. Газ баллоны газ плитасына  дұрыс  орнатылуы  қажет. Газ баллоны газдың  шығып  жатқанын, тек сабын  көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың  иісін  ауадан  сезген  уақытта  сіріңке   жағуға, темекі  шегуге, басқа да электр  қондырғыларын   іске   қосуғаболмайды.
Газ шыққанын   байқасаңыз, тез арада  есік пен терезені  ашып бөлмені желдетіп, баллонды  далаға  шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды  қыздыруға, егер баллон бұзылған  болса, оны өзіңіз жөндеуге  тиым   салынады.
Өрт  оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы  болып   табылады. Үйге   жарық тартқан   кезде, көбінесе, оның  дұрыс  орнатылуы   ескеріле   бермейді. Ескірген  сымдарды  қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың   барлығы  аяғында   өртке   әкеп   соқтырады. Электр желісі   бұзыла   қалған  жағдайда, кәсіби   біліміңіз  болмаса, оны өзіңіз   жөндеу – өте   қауіпті.

Сондықтан, үйдегі   электр  желілеріне  салмақ   түсіретіндей 2-3 электр  затын бір мезетте электр қуатына қоспау  керек.
Өртке  келгенде   баланың   да шалалығы бар. Қолына  сіріңке  ұстап ойнаған жасөспірімдердің  абайсыздығынан  болған  өрт   оқиғалары аз емес.

Өрт   қауіпсіздігі – бұл  өрт болу мүмкіндігін болдырмау  және  оның  пайда  болған  кезінде   адамдарға, құрылыс  және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды  қолдану   болып   саналады.

Өрттерді   сөндірудің   негізгі   құралдары:
Су — өртті   сөндірудің   негізгі   құралы. Су электр   өткізгіш, сондықтан оны тоқта  тұрған   жүйелер мен жабдықтарды  сөндіруге  пайдалануға  болмайды. Электр сымдарға  судың   түсуінен  қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады.  Оның отты  сөндірудегі   әрекеті — ол  жанғаш затты салқындатады.

Химиялық көбіктің  құндылығы  оның  төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде  болып   табылады, ол жанған затты толығымен  тығыз жауады және оған ауа  жібермейді.
Көмірқышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтар мен қатар айтарлықтай таралған. Олар химиялық  зертханаларда, кітапханаларда, мұражайларда және басқа да жайларда кеңінен  қолданылады. Бұл өрт сөндіргішті қуаттандыру үшін  үлкен  қысымда  тұрған   сұйытылған    көмірқышқылы (көміртекдиоксиді) қолданылады.

Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға  болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмірқышқылдың шығуы   бұзылады.
Қазіргі уақытта құрға құнтақтармен толтырылған ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына  түсіп, отты  сөндіретін  зат  бөледі.
Ұнтақты  өрт   сөндіргіштер тез тұтанғыш  және  жанғыш   сұйықтықтардың, газдардың, ағаш   өнімдерінің, тоқ   қысымында  тұрған   электр   сымдардың, сілтілі   металлдар мен өздігінен  жану   қасиеті бар басқа да заттардың  жануын  сөндіру  үшін   қолданылады.

Өрт   қауіпсіздігі   ережесі  

 ҮЙДЕГІ ӨРТ

        Егер  өрт  қатты   жанып   тұрса, онда   сіздің   негізгі   мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып   өрт   сөндірушілерді   шақырту. Егер өрт қатты жанып  тұрмаса да, бір ақ үйдің іші қатты  түтін   болса, үйден тез кету керек. Түтін  өрттен де қауіпті   болады.

Сіздің  әрекетіңіз:

1.     Түтіннің  исін  сезгеннен  кейін   үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті  сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын  енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден   кетіңіз.

2.     Егер  өрткішкентай  бөлмеде  болса, онда  есіктер мен терезелерді  ашпаңыз, ауа  өртті  күшейтіп   жібереді.

3.     Жанып  жатқан  үйден   лифтпен   түспеңіз, өйткені  ол  қатты  өрт болып жатқан қабатта  тоқ тапашылу мүмкін және  содан  бәрі  жарақаталады. Ток кезкелген  уақытта  сөніп  қалу  мүмкін   және лифт этаждардың  арасында  қалу   мүмкін.

4.     Егер коридор және площадка өртте  және   түтінде (төмен  түсуге  жол жабық) болса, онда шатырға  көтеріліңіз.

5.     Егер   өрт  коридорда  болса, есікті  қатты   жауып, сұйық  шүберектермен   ашық   жерлерді   жауып, есікке   көрпе не пальто іліңіз. Терезені  ашып   қатты   дауыс   беріп   көмекке   шақырыңыз.

6.     Егер   сізге   біреуді   өрттен   кұтқару  керек   болса, онда  өзіңді  арқанмен орап   бір  шетін  далада  тұрған  адамға   беріңіз. Егер  сіз  есіңізді  жоғалсаңыз, онда  сізді  арқаннан  тартып  өрттен  алып  шыға   алады. Ауызы  мен  мұрынды   ылғал  шүберекпен   жабыңыз.

7.     Егер  құтқарған  адам  түтінмен  демалып  есін   жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.

 Түтінмен уланудың  алғашқы   белгілері: бастың  айналуы, бас ауыруы,

Жиі демалу, жүрек айналуы, сананы  жоғалту.  

ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.

Сіздің  әрекетіңіз:

1.      Өртті   бір   затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан  кейін  үстінен су кұйыңыз.

2.      Түтінмен  демалмауға   тырысыңыз. Мұрынды  және  ауызды  ылғал шүберекпен  орап   қойыңыз.

3.      Өрттен   жанып   тұрған   заттарды   алмаңыз, өйткені  ол  өрттің  таралудың  себепкері  болады.

4.      Өртті   шетінен   бастап   ортаға   қарай  сөндіру   керек.

     АДАМ ҮСТІНДЕГІ  КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ

Сіздің   әрекетіңіз:

         Адамды тез ғана   жерге   жатқызыңыз (бұл  өрттің  адамның  басына  баруына   жол   жабады), үстіне су кұйып  немесе   курткамен, пальтомен  жабыңыз.

Өрттің  алдын  алу   шараларына   мыналар   кіреді:

-   құрылыстық-жобалау;

-   техникалық;

-   ұйымдастырушылық;

Құрылыстық-жобалаушаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен  анықталады.

Техникалық   шараларына мыналар    кіреді:

-   өмірге  қажетті   жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан  кездерде   өртқауіпсіздігін   ормаларын   сақтау;

-   құрал-жабдықтар  жұмысының   тәртібі мен технологиялық  процестер  парамертлерін  сақтау;

-   әртүрлі  қорғану  жүйелерін   пайдалану.

Ұйымдастырушылық   шаралар құрамына   өрт  қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі   шараларының   сақталуын    тексеру   кіреді.

Сұрақтарға  жауап беру.

  1. Өрт   дегеніміз не?
  2. Өрт   қауіпсіздігі   дегеніміз не?
  3. Өрттің   алдын   алу   шаралары.
  4. Өрт  сөндіру   құралдары.

Қорытындылау

Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның   ішінде, ең  күрделі – өрт.

Өрт – аса қатыгез, ол  ешкімді   аямайды. Ең  бастысы, өрттің  туындауына  жол  бермеген   жөн.

Құрметті   оқушылар, өрт   қауіпсіздік   ережелерін  сақтауларыңызды  өтінемін. Өрттен   сақ   болыңыздар !!!

Просмотров: 527


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст