Текст
2022 жылдың 14 қазан күні директордың бейіндік оқу бойынша орынбасары А.К.Дюсембаева 9-11 сынып оқушыларымен «Менің мамандығым – менің болашағым» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты оқушыларға кәсіпалды бағдар беріп, мамандық таңдау жолдарымен таныстыру. Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өтті. Қазір мектеп түлектері ҰБТ-ға дайындалып, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болуына байланысты әртүрлі мамандық түрлерімен таныстырып өтті.