2022 жылдың 5 қазан күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Каренова педагогикалық ұжыммен «Озық педагогикалық тәжірибе тарату» бойынша отырыс өткізді. Отырыстың мақсаты педагогтардың кәсіби дамуына ықпал ету және мектептегі тәжірибелі педагогтардың озық тәжірибесін тарату. Отырыста педагогтардың біліктілік санаттарын арттыру үшін "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен таныстырылды. «Педагогикалық оқулар» жұмысын жасау ержесімен таныстырылып әдістемелік ұсынымдар жасалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Р.Рахманова авторлық бағдарлама жасау бойынша теориялық және практикалық ақпарат беріп, өзінің «Мақал-мәтелдер жаратылыстану ғылымында» атты жұмысымен таныстырды.