«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңестің отырысы Хаттама № 1

15.11.2019

«Макинск қаласы мектеп-лицейі» КММ

Қамқоршылық кеңестің отырысы

Хаттама № 1

 

Өткізілген уақыты: 02 .09.2019 жыл

Өткізілген орны: директор кабинеті

Қатысқандар: Мектеп директоры, қамқоршылық кеңес құрамы

 

Күн тәртібі:

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелерін сайлау
  2. Оқушылардың асханада тамақтануын ұйымдастыру.
  3. Әртүрлі мәселелер
  4.  
  1. Бірінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңес мүшесі Есимова Алмагүл Мейрамовна кеңес құрамын жаңадан бұрынғы құрамдағы адамдар басқа жаққа көшіп кеткендіктен жаңадан сайлауды ұсынды. Сайлау дауысы бойынша кеңес төрағасы Жусупов С.М, орынбасары Куандыкова Зауреш Бекболтовна ал мүшелеріне: Сәрсенбаева Айжан Жолдыбаевна, Беляев Жанат Қанатович, Амирбекова Бахыт Базаровна, Абуова Аягөз Аманжоловна, Есимова Алмагүл Мейрамовна, Бекешова Нургул Темирхановна, Жарова Балқадиша Айтжановна, Кенжелхан Гульнар, Кусайынова Сымбат, Бекетаева Бахытжан Алмухановна, Байтов Ерлан Айтмуханович, Килькаева Қымбат Қанатовна, Абельдинова Жұлдыз Тохтаровна, Жанбатырова Сауле Балташовна сайланды.
  2. Екінші сұрақ бойынша сөз алған мектеп директоры Темірғалиева Анар Ислямбековна №598 заң бойынша асханада жұмыс жасаланатын болады. Онда бақылау парағы жүргізіліп сол бойынша жұмыс жасалынатынын айтты. №47 тарауда айтылғандай асхана арендаторлармен 1 жылға ғана келісім жасайды. Негізгі талап бойынша асханада балаларға күнделікті тамақта  С витамин болуы қажет. Бұл бойынша асханада жеке журнал жүргізілген. №326 жарлық  бойынша бала айран, сүт, сүзбе, ыстық тамақ, жемістер жеуге таңғы және түскі ас ішуге тиісті.  Ол үшін 10 күндік перспективті жоспар жасалады.Оқушылардың тамақтануына байланысты үзілік кестесі ұзартылады. Ата-аналарға  оқушыларға берілетін тамақ түрі таныстырылып ата-аналар бұл тамақ түрімен келісті. Сүтке бал қосқанда аллергиясы бар балалар болса қоспауға кеңес берді.  Ас мәзірімен ата-аналар келісті және сан.пин, заң талабы бойынша жасалатынын айтып өтті. Асханада брокираждық комиссия құрылғанын айтып өтті. Биылғы оқу жылында екі 8 сынып бала саны аз болғандықтан 1 сыныпқа қосылды. 7 сыныптардың біреуі лицей сыныбына болады. Сонымен қатар оқушылардың сыртқы келбеті мектеп жарғысына сай болуына ата-аналарға ескертті. Оқушылардың сумкаоарының салмағы стандартқа сай болуын қадағалауды тапсырды. Артық заттар салғызбауды және мүмкіндігінше қатар отырған балалар бір оқулықты кезектесіп сумкалары жеңіл болу үшін әкелін айтты. Сондай ақ мектеп жарғысы бойынша оқушыларға қымбат телефон, смартфондарды ұстауға мектепке бағалы заттар әкелуге тйым салынғанын ескертті. ТУП бойынша  сағат санына қарай факультативтер бөлінеді және лицей сыныптарына жаратылыстану бағыты бойынша сағаттар беріледі.Лицей сыныптарындағы өзгешеліктердің бірі денешынықтыру пәнінде негізгі 2 сағат сабақ ретінде 1 сағат үйірме ретінде жүргізілетін болады. Футбол үйірмесі міндетті түрде жүргізілетін болады. Биыл мектебімізге дене шынықтыру пәні мұғалімі ретінде жас маман Каркынов Дастан мұғалім жұмысқа қабылданады. Ол мұғалім асық ату, жеңіл атлетика, баскетбол үйірмесін жүргізетін болады. Мектебімізде шаңғы, конькилер бар, сондықтан оқушылар қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін мектеп ауласына корд жасалады.

Сонымен қатар сөз алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Каренова Айжан Серіковнажалпымектебіміздің алға қойған мақсаты білім сапасын көтеру екенін,биылғы оқу жылының білім стандартына сәйкес сабақ кестесі және сағат саны бөлінгенін айтып өтті. Мектепте 17 сынып, 1 даярлық сыныбы бар. Биыл 4, 9,10 сыныптар жаңартылған білім бағдарламасына көшеді. 10 сыныптарда 4 сағат екі пәнге берілген. Стандарттық деңгейде өтетін 1 пән таңдау керек болып оқушылар дүниежүзі тарихын таңдады. Кәсіпкерлік бизнес, құқық негізі, техникалық және мергенге 1 сағат берілді. Оқушылар жүргізуші куәлігін алғысы келгендіктен УПК-ға 1 сағат бөлінді. Сабақтар бойынша 1 сыныптарда 4-5 сабақ (24сағат), 2 сыныптарда 5 сабақ(25 сағат), 3-4 сыныптарда 5-6 сабақтан, 5 сыныпта 6-7 сабақтан, 6 сыныптарда 7 сабақтан, 7 сыныптарда7 сабақтан, 8 сыныптарда 8 сабақтан, 9 сыныптарда 8- сабақтан, 10-11 сыныптарды 8-9 сабақтан өткізілетін болады.

  1. Әртүрлі мәселелер бойынша сөз алған ата-аналар оқушыларды тасымалдайтын қалалық автобус маршрутының уақытын дұрыс ретке келтіруін және тұрақты жүріп тұруын қадағалау үшін қалағ аудан әкіміне хат жолдауды ұсынды. Мектеп жанына аялдама жұмыс басталып, аудандық маслихат депутаты Құсайынов Шахман Дайдүйсенович аялдама қойғызғанан атап өтті.

 

Шешімі:

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелері жиналыстар мен тыңдауларға,  мектептің іс-шараларына тұрақты қатысу және үнемі тығыз байланыста болу.
  2. Оқушылардың  тамақтану бойынша асхана жұмысын бақылауға алу.
  3. Автобус аялдамаларын тұрақты болуына ат салысу.

 

 

 

 

Хатшы: Өжекей Заурегүл

 

Просмотров: 598


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст