Ата-аналар жиналысы
2022 жылдың 15 қыркүйек күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: мектеп, ата-ана, ұстаз біріге отырып, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талабына сай, салауатты ұрпақ тәрбиелеу және бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған орай күн тәртібінде мынадай мәселелер қарастырылды:
-қамқоршылық кеңес құрамын бекіту, хатшы сайлау
-2021-2022 оқу жылының қорытындысы
-мектептің ішкі тәртіп ережесі, оқушылардың қауіпсіздігі
-оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру (үйірмелер мен секциялар)
-мектептің психологиялық қызметі
-мектептің әлеуметтік қызметі
Сонымен қатар оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың тамақтануы, қылмыс бұзылушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, мектепің қамқоршылық кеңес құрамы бекітілді.