«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақыры : Ұқыпты бала-әдепті бала

27.02.2019

Тақыры : Ұқыпты бала-әдепті бала

Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 

Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Үй тапсырмасын сұрау

Е.Өтетілеуовтың «Ұқыптылық » әңгімесін мазмұндап келу.

1.Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?

2.Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?

3.«Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

«Ұқыптының уақытты мол»

Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да

, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.

Мұғалім сыйы

Әңгімелеу

Әдеп

Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды . Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір.Бүгін автобустың алдыңғы орындығына

 жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Бір аялдамадан соң алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.

Аян әжейдің қасына келіп:

-Әже, мына орынға отырыңыз,-деді

Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді.

Екі аялдамадан кейін әжей орынынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен  екі алма алып, Аянға ұсынды .

Мә, қалқам, ала ғой.

О, не дегеніңіз рахмет, әже !

Алманы орының үшін беріп тұрғаным жоқ .

Әдептілігіне сүйсінген алғысым ғой,-деді әжей  Аянға күлімдей қарап.

Аян мен Арман автобустан түсіп мектепке бет алды. Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне көңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса,

тұтас жеп қоюға қысылып келеді.

Просмотров: 1311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст