«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды

04.01.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп -лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің уақытша  бос лауазымына  конкурс жариялайды

 

Білім беру ұйымы:

«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп -лицейі»КММ

 

Мекен жайы:

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, З.Космодемьянская көшесі, 67 үй

 

Телефон: 8 716 46 4 24 42, 8 716 46 4 21 91

 

Электрондық пошта: shkola-litseig.makins@yandex.kz

 

Лауазым атауы:

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі (Негізгі қызметкердің жүктілікке және босану бойынша демалысы мерзіміне)

 

Орташа жалақы:

100 000 – 200 000 теңге аралығында

 

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

 Рефлексия және педагогикалық қызметті талдау; 

Оқу құжаттарын жүргізу; 

Сабақты жоспарлау; 

Заманауи технологиялар мен оқыту әдістемелерін меңгерген;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

Педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес;

біліктілік санатының болуы (педагог,педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші);

пән бойынша біліктілікті арттыру курстан өткен;

 

Функционалды міндеттер

Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

       Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

       Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.

       Электронды журналдарды толтырады.

      Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

      Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

       Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

       Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.

           Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

       Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

       Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

       Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

       Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.

       Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

       Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

            Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

       Білуге міндетті:

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

       педагогика мен психологияны,

       пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,

       оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

 

Ескертпе

 

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты педагогтың  біліміне, біліктілік санатына және еңбек өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды shkola-litseig.makins@yandex.kz электронды поштасына немесе Макинск қаласы, З.Космодемьянская көшесі, 67 үй мекен жай бойынша тапсыруға болады

  1. Өтініш (1-қосымша)
  2. Жеке басын куәләндыратын құжат(көшірмесі)

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтың сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ;

       6) 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік .

      10) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

 

 

Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

       ______________________________________________________________

       кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

       _______________________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны)

       _______________________________________________________________

       _______________________________________________________________

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

 

 

 

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

       _______________________________________________________________

       білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

       _______________________________________________________________

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

 

 

      Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):_________________
       Педагогикалық жұмыс өтілі:_________________________
       Келесі жұмыс нәтижелерім бар:___________________________
       Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
      _______________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

 

 

 

 

 

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________  (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл саны

(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1

Жоғары күндізгі = 5

жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2

жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5

PHD-докторы = 10

Ғылым докторы = 10

Ғылым кандидаты = 10

 

 

Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60-қа дейін = 0 балл

60-тан 70-ке дейін = 2 балл

70-тен 80-ге дейін = 5 балл

80-нен 90-ға дейін = 6 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40-қа дейін = 0 балл

40-тан 50-ге дейін = 1 балл

50-ден 60-қа дейін = 2 балл

60-тан 70-ке дейін = 3 балл

"Педагог-модератор" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін = 0 балл

60-тан 70 балға дейін = 3 балл

70-тен 80 балға дейін=6 балл

80-ден 90 балға дейін=7 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=2 балл

50-ден 60 балға дейін=3 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

"Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

70-тен 80 балға дейін=7 балл

80-нен 90 балға дейін=8 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=3 балл

50-ден 60 балға дейін=4 балл

60-тан 70 балға дейін=5 балл

"Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін- 5 балл

70-тен 80 балға дейін=8 балл

80-нен 90 балға дейін=9 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40 - тан 50 балға дейін=4 балл

50-ден 60 балға дейін=5 балл

60-тан 70 балға дейін=6 балл

"Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл

1 санат -2 балл

Жоғары санатты-3 балл

Педагог-модератор-3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог- зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1

3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5

5 жылдан 10 жылға дейін = 2

10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл

директор орынбасары= 3 балл

директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері

"өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

 Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл

Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл

Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;

- мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;

- мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл

ғылыми жобалар-1 балл

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл

"Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл

медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл

РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы

БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық

- көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл

ӘБ жетекшілігі -1 балл

кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл

2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл

Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл

3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

- цифрлық сауаттылық сертификаты,

ҚАЗТЕСТ,

 IELTS;

 TOEFL;

DELF;

Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары

– 0,5 балл

курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83

         


 

 

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст