Пәні:қазақ тілі
Күні: 19.01.15
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік:оқушылардың шығыс септік туралы түсініктерін әрі қарай жетілдіре түсу.Септіктердің түрлерін
шатастырмау үшін, шығыс септігінде тұрған сөздерді толығымен талдау. Шығыс септігінің сұрақтарын, жалғауларын қайталай отырып зат есімдерді шығыс септігінде айтуға үйрету.
2)Дамытушылық:
ойын,сөздік қорын, тілін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру,сауаттылық деңгейін,
көркем жазу дағдысын қалыптастыру.
3)Тәрбиелік:
оқушыларды қазақ тілі пәніне сүйіспеншілігін арттыра отырып, жинақылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, семантикалық карталар, плакат, кеспе қағаздар.
Түрі:
ертегі және саяхат сабақ.
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, тақтамен жұмыс, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабағымыз ертегі желісінде өтпек.
Ерте,ерте, ертеде
Мінезі суық қаталдау
«Қазақ тілі» атанған
Хан патшасыболыпты.
Киіз үй тігіп жайлауға
Қыр басына қоныпты.
Септік деген атаның
Жеті ұлы болыпты.
Жетеуі де ер жетіп,
Білімімен жаныпты.
Ақылымен жетектеп
Сара жолға түсіпті.
Қазақ тілдің ұрпағы
Әкесіне сеніпті.
Жетуіне қаз-қатар
Жеті үй тігіп беріпті.
Қатаң тәртіп қағида
Білімсізді жойыпты.
Сұрақтар мен жалғауын,
Жабыстырып қойыпты.
ІІ. «Атау септік» ауылы.
Жалғау бермей әйтеуір
Атауды дара бөліпті.
Тұңғыш ұлы «Атауға»
Кім? Не? Сұрағын беріпті.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. 5-жаттығу.
Адасқан буындарды өз орнына қойып, сөз құрау.
Сонда аюдың туған күніне қандай қонақтар келгенін біле аласыңдар. Суретке қарап, аюдың туылған күні туралы ертегі құрау.
-рік, -түл, --рыс,-ба,-кі,- жол,-ке, -қыр, -қас.
Жолбарыс,түлкі
Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру, пысықтау.
- Балалар, біз қазір «Сөз таптары» бөлімін оқып жатырмыз.
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (8сөз табы бар)
(зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай).
Солардың ішінде біз оқыған қандай сөз таптарын білесіңдер?
(зат есім, сын есім, сан есім, етістік).
Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады? (Зат есім)
Заттың қимылын білдіретін сөздерше? (Етістік)
Заттың түрін-түсін, сапасын білдіретін ше? (Сын есім)
Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады? (Сан есім)
- Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік бар)
- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
- Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атаймыз.
Затесімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз.
3.Атау септік, Ілік септік, Барыс септік, Табыс септік, Жатыссептік,
Шығыссептіктердің ережесін сұрау.
ІІІ.«Ілік септік» ауылы.
Кең дүниені бөледі,
Екі сұрақ ұсынып
Кімнің? ненің? дегені.
1. Шығыс септіктің ережесін сұрау, пысықтау.
Оқулықпен жұмыс. Дәптепмен жұмыс.
2-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларынқойып,сөйлемдерді көшіріп жазу.
1.Шекпен… су да, жел де өтпейді. 2.Әйелдердің сәукеле… кейінгі
бас киімдерін қарқара*, қасаба*, тақия деп атайды.3.Келіні* жуан әрі қатты тұтас
ағаш... үңгіп жасайды. 4.Бұл оқиғаны журнал.... оқыдым.
ІҮ.«Барыс септік» ауылы
Барыс болса жарқылдап
3 сұрақтан қалыпты.
Кімге? Неге? Қайда? деп
Жұлдыз болып жаныпты.
-ға, -ге, -қа, -ке, болам де
4 жалғаумен қалыпты.
3-жаттығу.
Төмендегі сөздердің тиістісін қойып, өлеңді қалпына келтіру.
Өз Отаным –маған ..................
Мен ......................ұқпаймын.
Әкем менен ..........................
Айтқанынан шықпаймын.
Керекті сөздер: анамның, басқаны, күн.
Ү.Табыс септік» ауылы
Табыс болса байыппен
Кімді? Нені? ұсынамын
-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті деп
Жалғауым көп деп қысылам
4-жаттығыу. Тыйым сөздерді жатқа жазу.
Шығыс септіктегі сөздерді табу.
1.Көргенді жас, пәк бала,
Дастарханнан аттама.
2.Мәнді сөзді тыңда:
Малды бастан ұрма.
Тақтаға үш оқушы шығып осы сөздерді септеу.
А.с. ………………………………………………………………………..
І.с…………………………………………………………………………..
Б.с..................................................................................................................
Т.с……………………………………………………………………………
...с...оқушы тыңда. ерді табу. а жазу. ңді қалпына келтіру.
Ж.с…………………………………………………………………….
Ш.с………………………………………………………………………
К.с………………………………………………………………………..
VI.«Жатыс септік» ауылы.
Жатыс болса бүгінде,
Кімде? Неде? сұрағы.
-да,-де,-та,-те, боп
С.а. |
Қайыңның |
Кітаптан |
Сүтті |
Айманға |
Гүл |
Терезеде |
Асқатпен |
А.с. |
|
|
|
|
|
|
|
І.с |
|
|
|
|
|
|
|
Б.с. |
|
|
|
|
|
|
|
Т.с. |
|
|
|
|
|
|
|
Ж.с |
|
|
|
|
|
|
|
Ш.с. |
|
|
|
|
|
|
|
К.с. |
|
|
|
|
|
|
|
VII.«Шығыс септік» ауылы.
Сергіту сәті.
Кімнен? Неден? Сұраймын
Сол жалғауға құлаймын.
-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен деп
Сендерге ғана ұнаймын.
Жұмбақ шешу.
Аттан биік,
Қойдан аласа. (Ертоқым)
VIII.«Көмектес септік» ауылы.
Кенжесімін бүгінде
Кіммен? немен? Жүремін.
-мен,-бен,-пен жалғауым,
Осы болды таңдауым.
«Кім шапшаң» ойыны.
Сөздерден сөйлем құрау. Шығыс септіктегі сөздердің астын сызу.
1)Ағаштан, жасады, кебеже.
2)Кірпіштен, ұста, жасады, үй.
3)Дүкеннен, сүт,апам, әкелді.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма: 5-жаттығу.
Бағалау. Оқушыларды бағалау.