І.Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: «Менің Отаным – Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен іздену, жұмыстану қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұтымды, дәл жауап беруге баулу.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды сабақ барысында ата - дәстүрімізді құрметтей білуге, сүюге, адамгершілікке, шешендікке, өз Отанын,халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, сөз
құдіретін тани білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, әдебиет, математика.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Ту, Елтаңба, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мемлекеттік рәміздер, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Мемлекеттік әнұран орындалады.Құрметті, қадірменді оқушылар, біз осы күнге байланысты бүгін «Отан» тақырыбына арналған тәрбие сағатын өткіземіз.
Бүгінгі сабақты ел басының әйгілі сөздерімен бастаймыз:
«Жас қазақстандық азамат дегені міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі,
өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».
Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз
адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Сондықтан да біз ана тілімізге деген сезімімізді шешендік сөздерді сіздермен бірге еске түсіруге тырысамыз. Балалардың тіл туралы мақалдарын тыңдау.
Мұғалім:
«Мәңгілік ел» - Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарласмасы. Онда
Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіретін құндылықтар туралы
айтылады. Олар: теңдік, еңбекқорлық, әділдік, білімге құштарлық. Еліміздің
сәтті дамуы осы құндылықтарға байланысты. Оларды сақтау Отанымыздың жарқын болашағы үшін керек.
Қазақстан халқы 2015 жылы Қазақ хандығына – 550 жылдығын тойлады.
Бұл бастама Мемлекет басшысының Астана қаласы активімен 22 қазандағы кездесуінде сөйлеген сөзінен кейін пайда болып отыр. Елбасы аталған жиында: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың
мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі
басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде
оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз», -
деп күллі қазақ баласын қуантқан болатын. Яғни, 2015 жылы Қазақ
хандығының 550 жылдығы Республика деңгейінде тойланатын болды!
2. «Сұрақ - жауап» Блиц – турнир сайысы.
1. Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?
(16 желтоқсан 1991жыл).
2. Қазақстанның тұнғыш президенті кім? Слайдта
3. Қазақ халқының ең ірі хандары кімдер?
4. Қазақстанның рәміздерін атаңыз.
5. Қазақстанда қанша облыс бар?
6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
7. Қазақстанда қандай ресми мерекелер бар? (30 тамыз Конституция, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.)
8. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
(Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркімен,Қытай, Ресей)
9. Халық ауыз әдебиетіне не жатады?
10. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
11. Қазақтың тұнғыш педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)
12. Еліміздің жер көлемі қанша шаршы метр?(2717300 кв м.)
13. Қазақ әдебиетінің қандай белгілі жазушыларын білесіңдер?
14. Біз қай Республикада тұрамыз?
15 Қазақ тілі қандай тіл?,
3. Сабақты қорыту кезеңі:
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, Қазақстанның
тәуелсіздік күні – біз үшін ең маңызды мейрам. Өйткені, 1991 жылдан бері еліміз
тәуелсіз, яғни мемлекетіміздегі барлық мәселені өзіміз шеше аламыз.
Біздің елде әр азаматтың құқы мен міндеттері бар, оның бәрі Конституцияда жазылған, бұл-
Ата Заңымыз. Біздің ата- бабаларымыздың ең басты аманаты- бәріміз туған жерімізді,
ұлы Отанымызды қорғай білуіміз керек. Ата Заңымыз бойынша біздің білім алуға, денсаулығымызды сақтауға толық құқымыз бар, 2015 жылы еліміз Қазақстан Конституциясының 20 жылдығын атап өтті.
Бүгін балалар, өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңдер. Сіздерді өз елін
шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттарболады деп сенемін.