«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауған ардагерлері

17.02.2017

(Пролог видео роликте ауған соғысы жайлы бейнебаян көрсетіледі)

Жүргізуші:Армыссыздар құрметті  ұстаздар, оқушылар және де кеш

қонақтар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанстан

ақиқаты» атты концертімізге қош келдіңіздер.

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң- деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонағымызбен таныс болайық. Ауған соғысының ардагері  Шишкин Юрий Александрович келіп отыр.Ардагер ағамыздың  құрметіне арналған келесі «Жас

Қыран» би тобының орындауында «Шабыт» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып

тасталмайтын бұл соғыстың  қысқаша тарихын сөз етейік. Алдымыздағы ақпанның 15-сінде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 28 жыл болады. Ауғанстанға армияның енгізу туралы шешім 1979

жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Комунистік партиясының Орталық

Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі

істер органдарының қызметкерлері де болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП

ХХҮІІ съезінде М.Горбачев әскерді кезең-кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару

керектігін мәлімдеді. Ауған соғысына 22 000 қазақстандық қатысты. 2238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам  хабар-ошарсыз кетті.

Жүргізуші:Сөз кезегі ауғанстан соғысының ардагері Шишкин Юрий Александровияке беріледі.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас

ұрпаққа жауынгер ағалардын аманаты ретінде Серік Нұртуғанның «________________»

арнауын назарыңызға ұсынамыз.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен, тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсен, менше сүй - дей келе Балғожина Әсел мен Хайролаевна  орындауында «Ұстазым менің» әнің қабыл

алыңыздар.

Жүргізуші:Келесі кезекте керемет дауыс иесі, мектебіміздің жас әншісі Жалғасов Арнұрдың орындауында

«Күнге табыну» әнің қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра.

Білгің келсе біздің жайды,

Содан сұра тек қана

Одан асқан жоқ шежіре,

Одан асқан жоқ дана- дей келе мектеп литцейінің домбырашылар тобының орындауында халық күйі «Тепенгог»  күйін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:Өнер десе өрілген,

Ән мен күйге бөленген.

Қарсы алайық бишілерді,

Бұхара биімен-дей келе, Алдарыңызда «Гүлдер» би тобының «Бұхара» биің қабыл алыңыздар!!

Жүргізуші: Келесі кезекті мектебіміздің ерке қызы Кенжебек Аяулым орындауында «Армансыз күнім болмайды»

әнің қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар

бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Құрметті Юрий

Александрович уақыт тауып келгеңізге рахмет! Сізге ұзақ ғұмыр, денсаулық

тілейміз!! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

Просмотров: 381

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст