«Қазақ Аруы-2017»
Пролог («Үкілі кәмшат» әніне биші қыздар билейді.Билеп ортаны ашады. Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға, ортаға қатар - қатар келіп тұра бастайды. Осы кезде «Қыз сыны» әнінің әуені ойналып тұрады. )
1 - жүргізуші. Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Бүгінде
Бұланды ауданының мектеп лицейінде ұйымдастырылып жатқан «Қазақ аруы-2017» байқауына қош келдіңіздер!!
2 - жүргізуші Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
«Қазақ аруы» сайысы басталсын
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызды «Қазақ аруы 2017» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт
- дәстүрін, әдет - ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.
1 - жүргізуші:Асылхан, ендеше сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін сайыс барысында байқайтын боламыз.
Туған жер азаматтың мекені екен,
«Қазақ аруына» бас бәйгеге
Кімдердің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен......- демекші аруларымызды қошеметпен сіздерге таныстырайық..
2 - жүргізуші: Бірінші ару - ақша маңдай, үлкен
- кіші мақтағандай,- Алшынбаева Айнұр
1 - жүргізуші: Екінші ару - өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,- Жақия Аружан
2 - жүргізуші: Үшінші ару - достарын сары алтындай сақтағандай,- Молдахметова Жұлдыз
1 - жүргізуші: Төртінші ару - көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай,- Каппасова Анар
2 - жүргізуші: Бесінші ару - ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмақтағы хор қызына,- Шакирова Ақнұр
1 - жүргізуші: Алтыншы ару – келеді, еркін басып, шекесіне үкі таққан.- Абдильдинова Ақбота
2 – жүргізуші
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар. Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек. Әр сайыс 5 ұпаймен бағаланады. ( қазылар алқасын таныстыру не болмаса тағайындау)
____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
2 - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.
Сайыс кезеңдері: 1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру. 2мин
2. «Бәйге» салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру. 1 мин.
3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету. 3мин.
4. «Халқын сүйген - салтын сүйер» үй тапсырмасы
3 - 4 мин.
5. «Қыздарға әсемдік жарасады» киім үлгісін көрсету.
Қыздарымызға сәттілік тілей отырып, сахна сыртына алғашқы сайысымызға дайындалу үшін шығарып саламыз. Ал бүгінгі ару қыздарымызға «Сұлу қыз» әнің қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші: Асылхан, аруларымызды шақырайық бірінші сайыс «Мен қазақтың қызымын»
2 - жүргізуші: Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.. Алдарыңызда
---- нөмірлі аруымызды қарсы алайық.
(арулар өздерін таныстырады)
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз. Ендігі сайысымыз «Бәйге» деп аталады (сайыскерлер кезек - кезек сұрақтарға жауап береді, жауап берген сахнадан кетіп, келесі кезеңге дайындалады)
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тағыда аналар, қыздар мерекесі құтты болсын! Ал, кезекті сайысқа көшеміз «Өнерлі өрге жүзер» аруларымыздың таң қалдырар өнерлерін тамашалайық.
1 - жүргізуші: Қазақ жұрты киелі
Өнерліні сүйеді
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді.
2 - жүргізуші: Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген...
Күміс көмей аруларға, кімдер басын имеген. «өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік. Сахнаға нөмірлі аруымызды шақырайық өнерімен.
(сайыскерлер кезегімен өнерлерін көрсетеді)
1 - жүргізуші: Уа, халайық ықыласпен демелік,
Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз, Әділдікпен бағаларын берелік- келесі кезекте қыздарымыздың салт-дәстүр жайлы не білетінің көрелік. Ендеше келесі кезеңіміз Салт-дәстүр.
2 - жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетуге шақырамыз. Бұл байқаудың ерекшелігі ұлттық киімді
таныстыру. Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық..
(«Қыз сыны» әнінің әуенімен сайыскерлер сахнаға шығады)
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар. Қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша оқушылардың дайындаған муз. қойылымдарын тамашалайық..
(қазылар алқасы қорытындысын айтады)
Марапаттау кезеңі.
«Қазақ Аруы»- 2017 жыл
«Инабатты Ару»
«Өнерлі Ару»
«Сымбатты Ару»
«Зерделі Ару»
«Көрікті Ару»
1 - жүргізуші: Ару қыздар, ай көрік, қылығы - күн,
Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін,
Сезбейсіздер керемет қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн текті ұлылығын,
Бұл сендер құлпырған, кұндыз бәрің,
Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын,
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры
1 - жүргізуші: Ф. Оңғарсынованың осынау нәзікжандарға арнаған өлеңімен бүгінгі «Қыз – ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауын аяқтаймыз.
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
1. Енші деген не?
2. Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
3. Байғазы деген не?
4. Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
5. Ерулік деген не?
6. Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
7. Көрімдік деген не?
8. Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
9. Бастаңғы деген не?
10. Мақалды жалғастыр. Әдепті бала - арлы бала.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
11. Сыбаға деген не?
12. Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....
Сұрақтардың жауабы.
1. Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата - анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар..... (шеше көрген тон пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.)
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе..... (Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның
маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер.....(Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,
жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын - сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала - арлы бала.....( Әдепсіз бала – сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет
мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....(адамның баласы бол
Сұрақтардың жауабы.
1. Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата - анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар.....(шеше көрген тон пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.)
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....(қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе..... (Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның
маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін,
ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер.....(Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын - сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала - арлы бала..... ( Әдепсіз бала – сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....( адамның баласы бол