Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерей тойына
арналған "Мен- жүргізушімін " атты сайыстың сценарийі
Жүргізуші: - Қайырлы күн,қадірменді қонақтар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған "Мен жүргізушімін" атты мектепшілік сайысқа қош келдіңіздер!
Жүргізуші – диктор мен бағдарлама авторының қосындысы секілді. Оның сөздері түсінікті және дұрыс құралған болуы керек. Жүргізуші әрқашанда өз жаңалықтарымен бөліскісі келетін жайдары досқа
айналуы қажет. Оның сөйлеген сөзіне қарап өмірде қызық адам екені белгілі. Жүргізуші сауатты және өте білімді адам болуы керек. Сауаттылық, ойын дұрыс жеткізе білу, керек кезде езу тарта және әзілдей білу, ал кейде ұстамды бола
білу – міне, осы қасиеттер оны өз ісінің кәсіпқой маманына айналдырады. Ендеше осы мақсатты ұстана отырып, кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кешімізді бастамас бұрын байқау шарттарымен таныса кетейік:
- Бүгінгі біздің сайысымызға 6 сынып қатысады
-Әр сыныптан бір оқушы ғана қатыса алады.
- Қатысушының дикциясы, сөйлеу мәнері, дауыс тембрі жүргізушіге сай болуы қажет.
- Сахна мәдениетін сақтай білу ең басты міндеті боып табылады, оның ішіне: Киім киісі, жүріс-тұрысы, сахнада өзін-өзі ұстай білу қабілеті жатады.
Олардың тілдік , өнерлік шеберлігін және жүргізушілік қабілетін анықтап,әділдігін
беріп, төрелігін анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
Олай болса бүгінгі қатысушыларымызды ортаға шақырайық:
1 қатысушы:
2 қатысушы:
3 қатысушы:
4 қатысушы:
5 қатысушы:
6 қатысушы:
Ендеше, сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
Сайыс 3 кезеңнен тұрады
1кезең" Таныстыру" ( регламент 3 мин, өз еркімен, әр қатысушы өзі қалаған жанрда өзін таныстыра алады)
2 кезең "Бағдарлама жүргізу" (регламент 5 мин ,өзі таңдаған бағдарлама немесе видео ролик, сұхбат,
жарнама, жаңалықты еркін тақырыпта жүргізе отырып жүргізушілік қабілетін көрсете білу керек )
3 кезең "Суырып салмалық" ( әділ-қазылар алқасының берген тарсырмасын орындау қажет)
Ал енді қатысушыларымызға Сәттілік тілей отырып, сахнанын сыртына шығарып салайық.
(Қатысушылар кетеді)
ән
Ең бірінші кезең "Таныстыру" кезеңін бастайық. Бірінші болып сайысымыздың шымылдығын ашатын алғашқы
қатысушымызды....................................... ортаға Ду қол шапалақпен Қарсы алайық.
Келесі болып сахна төріне шығатын...............................
Саханада .........
Ендігі кезекте сыңға түсетін............................
Рахмет...................... Келесі болып ............................ Қарсы алыңыздар
Ортаға бірінші кезеңнің нүктесін қоятын алтыншы қатысушымызды ортаға шақырайық. Алдарыңызда
...............................
Рахмет..........
-Сайысымыздың 1кезеңі аяқталды, қатысушыларымыз 1 кезең яғни таныстыру кезеңін аяқтады. Құрметті әділ қазылар алқасы ескерте кететін жағдай қатысушыларымыздың өнерін алдарыңызда тұрған
бағалау парақшасына 1-5 аралығында бағалап ескертулеріңізді жазып отырсаңыздар.
Келесі кезекте 2 кезең, яғни "Бағдарлама жүргізу" кезеңін бастаймыз.
(Қатысушылар өз кезегімен шығады)
Осымен 2 кезеңді де аяқтадық. Ендеше барлық қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
Міне сайысымыз да өз мәресіне жетіп қалды! Ал енді шешуші 3 кезең, "Суырып салмалық" кезеңіне кезек берейік. 3 кезең бойынша сіздерге қойылатын талаптар: әр қатысушы әділ қазылар алқасының алдында
жатқан тапсырманы таңдап алып, дәл қазір орындауы қажет.
(Тапсырмаларды кезек-кезек орындайды)
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Олай болса әділ қазыларымызды ақылдасу бөлмесіне шығарып салайық.
Әділ қазыларымыздың қорытынды бағасы шыққанша сахна төріне ................. шақырамыз.
Міне достар көптен күткен сәт "Марапаттау " кезеңіне де келіп жеттік, қатысушыларымызды көп күттірмей қорытынды сөзді әділ қазылар алқасына берейік.
(Әділ қазылар сөйлейді)
Біз сіздермен қоштаспаймыз келесі кездескенше Сау сәлеметте болыңыздар!
Бағалау қағазы
№ |
Сынып |
Ұлт |
Балл |
Ескерту |
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
Бағалау критерийлері
1.Қатысушының сахнада өзін- өзі ұстай білу қабілеті
2.Музыка ырғағымен билеу
3.Әдепке сай киіну
4. Таңдалған ұлт киімінің элементтерін көрсету
5. Кез келген тосын жағдайдан өзін-өзі алып шығуы.
6. Берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауы.
Тапсырмалар
1. Қайрат Нұртасты сахнаға жұмбақ адам ретінде шақыр
2. Қалқаман Сариннің "Тәуелсіздік" атты поэзиясын мәнерлеп, нақышына келтіріп оқы.
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
3.Берілген дикторлық текстті жаңалық жүргізушісі ретінде оқы.
Бейжің, Лондон және Рио Олимпиадаларында өнер көрсеткен шымкенттік боксшы Біржан Жақыпов енді шәкірт тәрбиелейтін болды. Ол Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды,
деп хабарлайды тілшілеріміз.
4. Берілген сценарийді нақышына сай келтіріп оқы.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздіктің 25
жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл! Құтты болсын егемендік!
Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын!
5.Тікелей эфир уақытында текстің сөзі дұрыс жазылмаған немесе ауысып кеткен. Осы жағдайдан қалай шығасың?
Рио Олимпиадасында күллі елді қуантып, қоржынымызды күміс жүлдемен оенипр зілтемірші Жазира
Жаппарқұл тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медальға ие болды.
6. Қалада үлкен жарылыс болды, сен оқиға орнындасын, саған болып жатқан жағдайды тікелей
эфирмен көрмендерге жеткізу керек. Бірақ қолыңда арнайы дайындалған текст,
мәлімет жоқ. Осы уақытта қалай жеткізесін?
- Сен корреспондентсің.