«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Волейбол турнирі

02.03.2017

Волейбол турнирі       Спорттық ойын түрлерінің бірі -қызықты волейбол ойыны. Себебі волейбол десе ішкен асын жерге қояр жандар бүгінгі таңда баршылық. Мектебімізде түстен кейін спорт залда қызу жаттығулар мен қызықты спорттық ойындар жүріліп жатады. Ұстаздар қауымы

сабақтан соң спорт залда доп ойнауға да уақыт табады. Волейбол секциясының

жаттықтырушысы,  денешынықтыру пәнінің

мұғалімі Жапекенов Жанат волейбол ойынына бүгінгі таңда көптеген жастарды

тартып құрама команда ойыншыларын жаттықтыруда. 

Щучъинск қаласында өткен волейбол турнирінде оқушылары І орынға ие

болды. Жақында ауданаралық  және

қалааралық волейбол турнирін ұйымдастырды. Қалааралық турнирге қызметкерлер мен

мұғалімдерден құралған барлығы 8 команда қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша

«Балабақша құрамасы» І орын, «Капитоновка орта мектебі» ІІ орын, «Макинск

қаласының мектеп лицейі» ІІІ орынға ие болды. Алдағы уақытта да көптеген

жарыстар өткізу жоспарланған.

Жалпы жас ұрпақтың

салауатты өмір салтын ұстануына жан-жақты жағдайлар жасалған десем артық

болмас. Себебі мектеп спорт залы спорттық құрал-жабдықтар: түрлі волейбол,

баскетбол, футбол доптары, тоғызқұмалақтар, шахматтар, конькилер мен шаңғылар,

тренержерлық заттар, бірыңғай спорттық киімдер, тенис үстелдері т.б құралдармен

толығымен жабдықталған. Жастар мен балаларды спорттық ойындар арқылы бос

уақыттарын қызықты өткізуіне, құқық бұзушылықтың алдын алып, салауатты өмір

салтын ұстануына ықпал ету-  біздің

парызымыз.

 

                                         Макинск

қаласы мектеп-лицейі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

                                          Зәурегүл

Өжекеқызы

 

 

Просмотров: 332

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст