«Шабыт берген, қанат берген» апталық
Макинск қаласы мектеп – лицейінде 02
– 13 ақпан аралығында ұйымдастырылған өзін – өзі тану апталығы «Өзін – өзі тану шығармашылық пен сүйіспеншіліктің педагогикасы» тақырыбы аясында жас ақындар, ертегілер
және эссе сияқты көптеген сайыстар ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша 6Б сынып оқушысы Салдат Мейрам, 8А сынып оқушысы Нығметова Айбике, Сатыбалдинова Зариналар І орынға ие болды. Оқушылардың өз қиялдарынан туындаған шығармаларды газет бетіне жариялауды жөн көрдік.
Ұстазыма
Білім нәрін санамызға құясыз,
Бойыңызға тек ізгілік жиясыз.
Әр балаға жалықпайсыз үйретіп,
Уақыттың бәрін бізге қиясыз.
Әріп сырын сізден алдық шын танып,
Есіміңіз жүректерде жырланып.
Өнегеңді санамызға тоқумен,
Келеміз біз ісіңізден үлгі алып.
Алға қарай асығады кемеміз.
Жалтақтауға тиістіміз неге біз?
Өзіңіздің салып берген жолменен,
Келешекке кең адымдап келеміз.
Суретте: 6Б сынып оқушысы Салдат Мейрам
Бақыт және менің өмірімнің мағынасы.
Бақыт деген не? Бақыт дегеніміз әр
адамның өмірге есік ашуы. Мына
ғажайып дүние есігін ашудың өзі адамның бір бақыты.Одан
кейінгі бақыт - әр адамның әр
түрлі кезеңдерде қуана
отырып, шаттықпен өмірін жалғастыруы.
Адам өмірінде
қиыншылықтар мен бақыт, қуаныш, береке бірге жүреді. Адам қиыншылықтарды
әрқашан оған ешқашан бағынбай, жеңіп отырса, артынан қуаныш, бақыт кіріп
отырады. Ешқашан жаманшылыққа мойынсынбау адамға бақыт алып келеді. Әрқашан
түннің артынан күн туатынын есте ұстау керек. Жамандық жасау ешқашан бақыт алып келмейді. Адамның
өмірі өз қолында. Егер адам жамандық жасаса, онда оның өмірінің мағынасы
біртіндеп өше бастайды, Қиыншылықтар туады, өзінің жасаған жамандықтары өзіне
қайтады. Егер адам жақсылық жасаса, онда оның өмірі қуанышқа толады,
жақсылықпен өмір сүреді, істеген жақсылықтары өзіне қайтады. Өмірге келген әр
адамның бақыт кілті өзіне байланысты. Сол кілтпен өз бақытының есігін ашады.
Сол есіктің ар жағындағы өмірді елестетудің өзі бір ғанибет. Адам бақытты
көрмейді, ол ешқашан көрінбейді, оны іздеудің де қажеті жоқ. Себебі, ол өзі
басыңа бақ құсы сияқты қонады. Ол үшін адамның жақсылықтары, ізгі ниеті
таусылмауы қажет. Бұл өмірде қиыншылықты тек кешіре білген, жақсылық жасай білген,
өз алдына мақсат қоя білген адам ғана жеңеді. Адам бұл дүниеге тек жақсылық
жасау үшін келеді.
Менің өмірімнің мағынасы да осы жақсылық жасау және мақсат қоюмен байланысты.
Макинск қаласы мектеп-лицейінің
8А сынып оқушысы Нағметова Айбике
Аяулы ана
Қыс мезгілі болған еді. Далада аппақ қар жерді жапқан. Бір үйде от жанып, жарық жарқырап
тұр екен. Күн аязданып тұрған еді. Сол үйде бір әйел тұрыпты. Сол әйелдің
күйеуі ерте дүниеден өткен екен. Әйелдің аяғы ауыр еді. Күндердің күнінде ол
дүниеге қыз бала алып келеді. Сол күні далада ай жарқырап тұрыпты. Әйел түнде
нәрестесімен ұйықтап жатқанда терезеден жарқырап тұрған ай көрінеді. Әйел сол
айға көп қарап тұрады. Айға қарап «Айсұлу» деп айқайлапты. Содан кейін әйел
жаңа туған нәрестесіне «Айсұлу» деген ат қояды. Жылдар, айлар өтті. Айсұлу он
жетті жасқа толған еді. Айсұлу мектепті алтын белгімен бітіген екен. Анасы
Айсұлудың бақытты болғанын қалаған еді. Күн өткеннен кейін Айсұлуды Алматыға
университетке тегін оқуға шақырады. Айсұлу бірден келісе кетеді. Ертеңгісін
анасы Айсұлуды шығарып салады. Айсұлу таңға жуық Алматыға келеді. Ол бірден
баспана іздеуге барады.
Жылдар, айлар өтеді. Айсұлу жиырма бес жасқа толады. Оның туған жеріне бармағанына
сегіз жыл өткен екен. Айсұлу ауылға анасына барғысы келмейді. Ол қайтадан ауыл
өміріне кіргісі келмеді. Айсұлу қала өміріне қатты үйреніп қалған. Айсұлуды
қаладағы адамдар, жақын достары өзгерткен. Ол тұрмысқа шыққан. Дүниеге екі бала
әкеледі. Ол тек қана өзін және отбасын ойлаған. Ол ауылға отбасымен барса қалып қоямын балалары ауылда
ештеңе көрмей өседі деп ойлады. Айсұлу лас және батпақ ауылды көргісі келмеді.
Анасы Айсұлуға хабарласып көреді. Ол алмайды. Екі жыл өтеді. Жаз мезгілі
келеді. Анасы қызын қатты сағынады. Содан кейін анасы қулық жасауға кіріседі.
Ол Айсұлуға өтірік хабарлама жібереді. Онда «сенің анаң дүниеден өтті» деп
жазылып тұрады. Айсұлу сол хабарды естігеннен кейін ойы өзгереді де бірден
туған жеріне аттанады. Ауылына барғанда жас кезі анасы ол үшін қанша жақсылық
жасағаны есіне түседі. Үйіне кірсе анасы үйінде отыр, Айсұлу қорықып кетеді.
Анасы Айсұлуға қарап былай дейді.
- Мен саған осы хабарламаны жібермесем сен келмес едің ғой – дейді.
- Олай жасауға болмайды – дейді Айсұлу.
- Мен егер шын дүниеден өтсем не болады – дейді анасы.
- Кешір мені анашым деп жауап береді Айсұлу.
Осы сөзден кейін Айсұлу өзінің қаладағы өмірін айтады.
Екі баласы туралы айтады. Содан кейін,
Айсұлу анасын Алматы қаласына алып кетуге шешім қабылдайды.
Макинск қаласы мектеп-лицейінің
8А сынып оқушысы Сатыбалдиева Зарина