Жарлықай бер -жаңа жыл!
Халқымыз бір
жылдан бір жылға аман есен жеткені үшін ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын
деп ырым етіп, тілек білдіретін. Келіп жеткен тауық жылы да тек жақсылықтарымен
босаға аттады. Бұл жаңа жыл мерекесін
әсіресе балалар асыға күтеді. Себебі қызыққа толы, ертегілер мен баланың
қиялындағы арманын орындайтын мейрімді аяз атаға, қапқа толы сыйлығына асығады. Балаларға жарқын көңіл күй сыйлау үшін ұстаздар қауымы жаңа жылдық қызықты
қойылым ұйымдастырды. Әртүрлі кейіпкерлерді сомдап балаларды ертегі
әлеміне шарлатып, аяз ата мен ақшақар балалардың өнерін тамашалап тәтті
кәмпиттер мен сыйлықтар үлестірді. Мектебіміз биыл балаларға биік әрі жарқырап
тұрған үлкен шырша алып орнатты. Сонымен қатар 40 көпбалалы және жағдайы төмен
отбасылардың балаларына тегін жаңа жылдық
тәттілерге толы дорба сыйлады. Ал жаңалық десе белсеніп тұратын жастар жағы аудандық
«Жастар бал кешіне» қатысып жүлдесімен мекетебіміздің беделін асқақтатты. Жас
ұстаз Жалғасов Алпамыс кештің бас жүлдесін жеңіп алып, лайықты тәжіге «Кеш ханзадасы» атағына ие болды.
Алпамысты жаңа жылдық жеңісімен құттықтаймыз. Келіп жеткен жаңа жыл
табысты да, жақсылыққа толы жыл болсын!
Макинск қаласы мектеп –лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Зәурегүл Өжекеқызы