«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ханаева Лаззат Қайкеновна және Зәурегүл Өжекей

02.03.2017

Әке жүрегі таудай үлкен

Отбасында әкенің балаға берер тәрбиесі, ақыл – кеңесі,

тағылымы өте зор. Себебі баланың бойына ер азаматқа тән қайсарлық пен батылдық қасиетті сіңіруіміз қажет. Әр бала қоғамның бір кірпішін қалайтын жеке тұлға. Сондықтан да олардың болашағын бүгіннен қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын. Бүгінгі таңда отбасында әке тәрбиесі, әкенің беделі өзекті мәселелердің бірі.

Әке мен баланың қарым - қатынасын нығайту, әкенің бала тәрбиесіндегі

жауапкершілігін арттыру мақсатында мектебімізде «Отбасындағы әке тәрбиесіңің маңызы» тақырыбында әкелерге арналған тренинг өткізілді. Тренингте әкелер өз

балаларың жақсы қасиеттерін әңгімелеп, түрлі жағдаяттарды талқылап, сауалнамаға

жауап берді. «Мейірім» -  деп аталатын жүрекшеге әкелер өз балаларына арнап хат жазды. Әкелердің хаттарын балаларға оқып бердік. Әкелерінің жылы лебізін, мейірімге толған ыстық ықыластарын

тыңдаған балалар да қуанып  қалды.

 Әкелер алдағы

аптада ер балалармен футбол ойнауға келісті. Осылайша әке жүрегінің мейірімі

таудай екенін және әкелердің бала тәрбиесіндегі үлесі зор екеніне тамшыдай

болса да ат салыстық деп ойлаймыз. Балалар үшін тренингке келіп қатысқан

әкелерге алғыс білдіреміз. Асқар таудай әкелер аман болсын, отбасының арқа

сүйер тірегі болып, отбасымыздың патриоты мен нағыз азаматарын

қалыптастыруға өз үлестерін қоса берсін!

 

 

 

Макинск қаласы мектеп – лицейінің

мұғалімдері Ханаева Лаззат Қайкеновна және Зәурегүл Өжекей

 

Просмотров: 364

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст