Макинск қаласы мектеп –лицейі КММ
Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:Ержанова А.Е.
Күні: 26.01.2017ж
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Сабақтың мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет
беру, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Сабақтың түрі: Аралас сабағы
Көрнекілігі: Сәкен Сейфулиннің суреті,Қазақстан картасы,киіктің суреті,кеспе-қағаздар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,география
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, ойын
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй
тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушыларды үш топқа бөліп аламын.М.Жұмабаевтың өмірі
мен шығармашылығы туралы оқушыларға кеспе -қағаздар таратып, жауап аламын.М.Жұмабаевтың
«Қысқы жолда» өлеңін үш топтан бір оқушыдан жатқа сұраймын.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
С.Сейфуллинің өмірі мен шығармашылығы туралы бір оқушы келіп «Ыстық орындық »әдісі арқылы айтады.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша айтамын.Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды.Киік шөлді жерде мекендейді.Оның мүйізі медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдалынады.Еті,мүйізі бағалы. (Экраннан киіктің әдемі суреті көрсетіледі).Үш топқа өлеңді бөліп беремін, олар оқып кезек-кезек өз түсінгендерін айтады. Ішінен теңеуді тауып оқытамын. Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі.
Теңеу дегеніміз не?
Көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат,құбылыспен салыстырып бейнелеу.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жаутаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
Өлең құрылысына қарай талдатамын.
Ақсақ киік» өлеңін сатылай кешенді талдау.
1. Авторы - С. Сейфуллин
2. Тақырыбы - табиғатты қорғау, жан -жануарларды аялау
3. Жанр түрі - поэзия
4. Идеясы - табиғатты сақтау, әсемдікті аялау
5. Шумақ саны - 17
6. Тармақ саны - 4, 68 жолды
7. Бунақ саны - 3
8. Ұйқас түрі - қара өлең ұйқас
9. Әдеби - теориялық ұғымдар - теңеу
10. Түсіндірме сөздік -
11. Тәрбиелік мәні - табиғат ананы аялауға, табиғат берген сыйды бағалауға тәрбиелеу
- Жақсы,балалар, ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау
екен.ХХ ғасырдың басында киік саны күрт азайып,бұл киелі жануар «Қызыл кітапқа»
алынған екен.Киіуктер неге азайды,кім кінәлі? «Қызыл кітап» дегеніміз не?
Сөздікпен жұмыс жүргізу:
Сегіз көштік - ұзындық өлшемі
Таңы
– жануарлардың сұлу мүсіні.
Қос- шатыр,күрке
Бетеге-шөп атауы.
Киік –аталық жануар.
Бөкен- аналық жануар.
Сабақты бекіту: «Біз-табиғатты қорғаймыз» деген тақырыпта ойтолғаныс жаздырамын .
Оқушыларды бағалау. Оқушылардың тест жауаптары жиналып алынады да,ол үй тапсырмасын
бағалау ретінде журналға қойылады.Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: Ақынның өмірі мен шығармашылығын оқыып келу және «Ақсақ киік» мазмұндап келу.
Сабаққа талдау
Менің бұл
екінші өткізіп отырған ашық
сабағым.
Мен бұл сабақта екі мақсат қойдым,бірі - ақынның өмірі мен шығармалары туралы мәлімет беру,екіншісі
– «Ақсақ киік» өлеңінің идеясын ашу.Бірақ мен
сабақта тек бір мақсатқа ғана толық жеттім, ал екінші мақсатқа кішкене өнімсіз болды.
Себептері әртүрлі, кейбір топтардың сабаққа белсенді қатыспауы және менің балаларға тапсырмаларды уақытпен орындатпауым болды.Ал бекіту кезінде үш топта белсенділік танытты.
Макинск қаласы мектеп –лицейі КММ
Сыныптан тыс сабақ : «Эрудит»
Зияткерлік сайыс
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:Ержанова А.Е.
- Қайырлы таң қымбатты ұстаздар және оқушылар. Баршаңызға мәлім осы апта бойы мектебімізде «педагогтың басты құралы
–білім » атты дәстүрлі білім апталығы өтіп жатыр, осы апталық аясында бүгін
сіздерге арнап өткізгелі отырған «Эрудит» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер.
Мына ғасыр білімдінің ғасыры,
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан өркениет ел болса,
Заңды елімнің қуаныштан тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы.
Білімдіні анықтайтын сайыста,
Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы – деп бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақыралық.
Олар:1 –топ 5 «Б»сыныбынан Мөлдір,Ақниет,Дінмұхамет,Жаңабай,Жансая,Сәуле қол соғып қарсы алайық. 2-топ 6 «Б»сыныбынан Дильназ,Мейрам, Данияр,Райымбек қол соғып қарсы алайық.
Келесі кезекте бүгінгі білім сайысының сарапшыларымен таныс болайық.
Олар: Сакен Шолпан Болатқызы.
Ендеше бүгінгі ойын шарттарымен таныс болайық. Ойын барлығы 2 турдан тұрады.
1 - тур: «Сөздің көркі –мақал» сайысы
2 тур Сұрақ-жауап сайысы Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша сұрақтар оқылады соған жауап береді..
Қай команда көп ұпай алса сол жеңіске жетеді.