«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Математика-ғылымдар патшасы» сыныптан тыс сабақ.

01.04.2017

Сабақтың тақырыбы: «Математика-ғылымдар патшасы» сыныптан тыс сабақ.

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс сабақ.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. «Білімің-тірегің» (қызықты сұрақ-жауап)

3. Логикалық тапсырмалар.

4. Викториналық сұрақтар

5. Білім арқаны (есептер шығару)

6. «Ой сергіту» жұмбақтар шешу.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.(К. Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М. В. Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.(Р. Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Математика-ғылымдар патшасы» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді

Ортаға 7 а —тікбұрышты үшбұрыш , 7 б- теңбүйірлі үшбұрыш топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін

әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады екі тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

ІІ тур «Білімің тірегің» Тапсырма интерактивті тақтада берілген.

ІІІ тур Логикалық тапсырмалар . І топқа:

• 1.5 жер қазушы 5 сағатта 5 метр шұңқыр қазды. 100 сағатта 100 метр шұңқырды қазу үшін неше жер қазушы керек ?

• 2. Сыйымдылығы 5л және 7л екі ыдыстың көмегімен краннан қалай 6л су алуға болады.

• 3. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?

4. 1кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг темір ауыр ма?

2. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? 

3. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 

IV тур. «Викториналық сұрақтар.»

І-топқа: 1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Баймұханов, Базаров)

2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

5. 1/10 санының кері саны? (10)

6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

7. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)

8. Жарты түзу. (сәуле)

9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

12. 225 нешенің квадраты (15)

13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

ІІ топқа:

1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)

3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)

6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)

10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

12. Ең үлкен хорда. (диаметр)

13. 35-тің квадраты (1225)

а) Геометриялық фигуралардың аттарын табу.

1. апрцетяи -трапеция

2. еңшбре - шеңбер

3. шұбршүы - үшбұрыш

4. трұбышрөт-төртбұрыш

5. рвадкат – квадрат 

б) Ауызша есепте:

1. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20) 

2. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14) 

V «Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)

1 топ:

Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар.

(Домбыра)

Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын бір шүмек.

(домбыра)

Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.

(Инелік)

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп.

(Қалам)

Екі ағайынды екеуі де бір үйде,

Бірін - бірі көрмейді.

(Көз) . 

ІІ-топ: 1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, 

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш) 

2. Алды – артымыз шексіз де, 

Жете алмайсың біздерге. 

Сәуле менең кесінді, 

Шыққан тегім білсе де. (түзу) 

3. Күнде есебін жаттайды, 

Ешбір тыным таппайды. 

Алмайды бір тағат, 

Оның аты....... /сағат/ 

4. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты, 

демейді ешкімге ешкім кес бұтақты. 

Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын, 

Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/ 

Қарнында бір көлдің балығы бар,

Немесе жандының алыбы бар.

(Кит)

ҮІ. «Білім арқаны» есептер шығару.

Екі топқа есептер беріледі.

ҮІІ.Қорытынды. 

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады. 

Кеш қызығын талай адам тыңдады. 

Тәрбиелер тәлімі мол әсерді. 

Болса егер көңіл жақын таңдады. 

Көңіл бөліп бұл кешке 

Келгендерге көп рахмет, 

Шын сезінген көрерменге, 

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады

·                                                                                                                               

0

·                    

1

·                    

2

·                    

3

·                    

4

·                    

5

Математика – ғылымдар патшасы

Ғылымдар патшасы - математика

Ғылымдар патшасы - математика

Математика-ғылымдар патшасы

14-02-2014, 15:44

Конец формы

Просмотров: 1327

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст