«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Биосфера туралы ұғым.

07.04.2017

Пән: География.   Сынып: 6 а,б.    күні: 16.03.2017.            Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы:

Биосфера туралы ұғым.

Жалпы мақсаты:

 

Биосфера шекараларын,ондағы тіршілік

иелері түрлерін білу.

Оқу  нәтижесі:

 

Биосфера шекараларын,ондағы тіршілік

иелерін және тақырыптағы жаңа сөздердің мағынасын біледі.

Түйінді  идеялар:

Оқыту – бұл ерікті, дербес, күш салуды қажет

ететін үдеріс. Бұл – ынтаны, шыдамдылық пен мұқияттылықты талап ететін өзіндік серпіні болуы мүмкін ескі, баяу, бірізді үдеріс.”  

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

мұғалім немен айналысады.

oқушылар  немен айналысады  

1.Сабақты

 ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеп,сергі-ту сәтін

өткіземін. Сергі-те отырып топқа да бөліп аламын.

 

 

 

 

 

Жаңа

сабақты түсіндіру:

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.Сергіту сәтін орындайды. 2 мин.

Интерактивті тақтада көңілді әуен ойнап тұрады.

Оқушылар ортада билейді. Әуенді тоқтатып,екі деймін олар жұп болып тұра қалу

керек.Тағы әуен тағы би. Мен әуенді тоқтатып төртеу деген кезде олар

төрт-төрттен біріге қалады. Тағы әуен тағы

би. Мен әуенді тоқтатып сегіз деген кезде сегізден біріге қояды. Осылай әрі сергіп, әрі 2 топқа бөліне қояды.                                  

Сабаққа көңілді, жағымды әсермен кіріседі.

 Әр топ өз көшбасшыларын тағайындайды. Көшбасшыға бағалау парағы беріледі. Ол өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

Ø  Айтсаң - ұмытып қаламын,

                        Көрсетсең - есте

сақтаймын

             Өзіме істетсең – түсінемін.

(шығыс даналығы).

2.Гидросфера бөлімін аяқтап қорытынды ретінде сарамандық жұмыс

жазғандықтан үй жұмысын тексеруге уақыт берілмейді.

А). Екі топқа жаңа тақырып бөлініп беріледі.

Әр топ өз бөлімдерін оқып топта талқылап, бір-бірімен пікір алмасады. 2 топқа флипчарт, фломастерлер таратылып беріледі және олар өз бөлімдерін флипчартқа түсіріп ортада қорғайды, түсіндіреді.

15 минут.

Ә). Екінші кезеңде парта үстіне жаңа

тақырыптағы атаусөздер жазылған кеспе қағаздар жасырылады. Екі топ

кезек-кезек алып сол атаусөздерге топта талқылап жауап береді. 8 минут.

Биосфера-грекше биос-тіршілік, сфера-шар.

Диатомея-бір жасушалы балдыр.

Микроағзалар-ұсақ тіршілік иелері.

Биоценоз-грекше био-тіршілік, ценоз-ортақ.

Өрмекшінің торы: 1.Ойынға қатыса отырып, өзін емін-еркін сезінетін жағдайда бүгінгі өткен тақырыпты қайталай отырып, меңгерген, өзіне қызықты болған материалдарды  есіне түсіреді және күмән тудырған

мәселелелер, өзін мазалаған сұрақтар бойынша қосымша мәлімет алады, білім қоржынын толықтырады.

2. «Өрмекшінің торы»: сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мен қолыма  шумақ жіп алып

тұрамын.Оқушыларға бүгінгі күннің тақырыбын еске түсіріп, әңгіменің басы болатындай фразаны айтамын да (мысалы: «Бүгін сабақта біз Биосфера туралы өттік), қолымдағы шумақ жіптің ұшын 

алдын ала өз саусағыма орап, шумақты шеңберде тұрған оқушыға

лақтырамын.Ол қарастырған тақырып бойынша маңызды ақпаратты, айтып, жіптің ұшын өз саусағына орап, шумақ жіпті келесі оқушыға лақтырады. Шумақ жіп барлық оқушының саусағына оралған кезде шеңбердің ортасында «өрмекшінің торы»

тоқылады. Енді шумақ жіпті ең соңында алған оқушы саусағына оралған жіпті тарқатып, өзін мазалаған немесе түсініксіз болған, күмән тудырған сұрағын айтып, шумақ жіпті керісінше бағытта 

лақтырады. Жіпті алған оқушы қойылған сұраққа жауап беруге тырысады. Ол жауап бере алмаса, шеңбердің ішінде тұрған кез келген оқушы  жауап бере алады. Бұл іс-әрекет «өрмекшінің

торы» толық тарқатылғанша жалғаса береді.Осылайша оқушылар ойнай

отырып,сабақты қорытындылап, мәліметтерді нақтылап,  белгісізді анықтап алады.15 минут.

Дереккөздер және жабдықтар: Интерактивті тақта, стикер, ғаламтор, 

оқулық,  қосымша кітаптар,   слайдтар, карта, кеспе қағаздар.

Кейінгі оқу:

Тақырыпты мазмұндап келу.Тақырып соңындағы сұрақтарға

жауапты дәптерге жазып келу.

 

Сабақты бағалау:

 

 

Оқушыларды бағалау парағы

Оқушының аты жөні

1.Флипчарт қорғау кезіндегі белсенділігі

2.

Атаусөздер-мен  жұмыста-ғы

белсенділігі

3.Өрмекшінің торы кезеңі бойынша

4.Жалпы

ұпайы.

1

 

 

 

 

 

Топ

басшылары топ мүшелерін бағалайды: бағалау 3,4,5 деген сандармен жасалады. 3 критерий

бойынша бағаларын қойып, 4 бағанға жалпы ұпайын жазып, 3-ке бөліп шыққан

санды жазып мұғалімге тапсырады.Топ басшысын мұғалім бағалайды. (оқыту үшін

бағалау және оқуды бағалау).

Бағаны

қоярда топтардың жетістігі,оқушының тәртібіне (көңілсіз смайлик),біліміне

(көңілді смайлик) байланысты берілген смайликтер бағаға әсер етіп

отырады.Көңілсіз смайлик алса 0,5 ұпайға бағасы төмендетіледі; көңілді

смайлик алса бағасы 0,5 ұпайға жоғарылайды. 4 минут.

 “Жақсаруға қол жеткізудегі ең

ықпалды қару – кері байланыс”. Екі жұлдыз,бір тілек; Кері байланыс.

Оқушылардың сабақтан алған әсері. 1 минут.

 

Просмотров: 424

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст