Олбан тілі және сауаттылық
Қорғаушы:Қадір Лаура
Секция: ағылшын тілі
Ғылыми жетекшісі: Бахтыбаева Айдын Камалқызы ағылшын тілі пән мұғалімі
Зерттеу мақсаты: Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің жаңа желілік қатынас «олбан тіліне» түсіп, бұрмалауына байланысты жастар (ересектер) арасында жазабаша сауатсыздықтың орын алуын ашу, анықтау
Міндеттері:
1. Олбан тілі туралы толық анықтама жасау;
2. Олардың қай салаларда қалай қолданылатынын зерттеу, салыстыру;
3. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу және оның салыстырмалы мониторингін шығару;
4. Жүргізілген жұмыс оқушыларға қаншалықты көмек көрсеткенін анықтау.
Гипотезасы:
ХХІ ғасырдың басында шыққан жаңа желілік тілдің кез келген тілдің сөйлеу, жазу
мәдениетіне кері әсер етіп, сөз бұрмалануының және оның әлеуметтік жағдайда
орнығып, қалыптасып бара жатқаны
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
1. Олбан тілі тарихына шолу жасау;
2. Оның стиль немесе жанр түрін көрсету;
3. Олбан тілінің кері және оңтайлы қырларын айқындау;
4. Күнделікті қолданыстағы орны;
5. Олбан тілі бұл меметика ма?