Дебат
Тақырыбы: « Экспо – 201 7 »
Дебатымыздың сарапшыларымен таныс болайық:
Оқу ісінің меңгерушісі: Б.А. Камаловна
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Өжекей Заурегүл
Қазақ тілі мұғалімі: Гүлзахира Рахметовна
Мақсаты:
Оқушыларға патриотизм туралы түсінік бере
отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге
асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін
кеңейту;
Екі жақты позицияда оқушылардың сөз
жарасымдарына қатыстыру барысында оларды объективтілік, пікір алуындағы
елжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;
Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер,
материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық
- эвристикалық қабілеттерін арттыру.
Сабақ
әдісі: Пікір таластыру,
Жаңа
технология:Проблемалық полемика
Пәнаралық
байланыс: Тарих, А. Ә. Д, саясат,
экономика, әлеуметтану
Барысы:
«Ән ұран» орындалады
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар
және бүгінгі дебатқа қатысушылар! «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?
атты дебатына қош келдіңіздер!
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген
сүйіспеншілік, жеке адамның аман - саулығының қоғамдық – мемлекеттік
қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз -
жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет
деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және
болашағымен қарым - қатынасты білдіреді.
Олай болса, бүгінгі дебаттың мақсаты оқушыларға
патриотизм туралы түсінік бере отырып отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ортаға дебатқа қатысушыларды шақырайық:
Қатысушылар
Парасат» тобы ------ «Ақиқат»
тобы
Жақтаушы ---------------Даттаушы
8 – сынып оқушылары қатысушылар:
Калиев Ерден, Нығметова Айбике
Сатыбалдиева Зарина,
Төлеу Саят , Ғабдулина Диана, Балғожина Әсел.
Әрбір спикердің сөйлеу тәртібі уақыт
А 5 мин.
П3 А1
3 мин.
Алдымен «Ақиқат» тобы
Мақсаты: барлық фактілік дәлелдерді ұсыну арқылы
өз позициясына сәйкес конфликтілік жағдайын тудыру.
Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының
шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.
«Парасат» тобы жақтаушы позицияны иеленді.
Бұл бағыт бойынша Қазақстан жастарына
елжандылық, отансүйгіштік қасиеттер тән деген пікірді ұстанды.
«Ақиқат» тобы даттаушы позицияны иеленді.
Дәл осы көзқарасқа сәйкес қазіргі заманғы
жастарға патриотизм тән емесдеген оппозициялық бағытты ұстаушылар.
Қысқаша топтық резюме:
Екі топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын
қорғап шығуға тиісті.
Даттаушы топ өздерінің фактілерін ұсына отырып,
нақты бір проблеманы көтеру арқылы оның:
1. Шығу себептерін
2. Шешу жолдарын
3. Туындау нәтижелерін айқын көрсетуге міндетті.
Жақтаушы топ әрбір спикерлері өздерінің алдында
қорғап сөйлеп кеткен әр жақтаушы спикері сөзінен кейін, ең әуелі оның кейсіне
тойтарыс беріп, содан кейін өз дәйектемелерін ұсынуға міндетті.
Әрбір спикер 6 минут шегінде ой тарқатады.
Сөздерін түйіндейді.
Жүргізуші: Топтар өз ойын жинақтаймын 5 А сынып оқушысы Маханов Нұрханның
орындауында әсем күй.
Марапаттау
«Үздік топ» және «Үздік спикер» номинациялары
беріледі.
Ал енді сарапшылардың ойын тыңдау үшін сөз
кезегін ЭБҚ
колледжінің директорына береміз.
Қорытындылау
Жүргізуші: Рахмет! Бүгінгі дебатқа қатысушы
оқушыларды ескерткіш сыйлықпен марапаттасақ
Өткізген: Тарих пәні мұғалімі Серік
Нұртуған
Дебаттан көріністер: