«Макинск қаласы мектеп-лицейі» КММ
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру және мемлекеттік
рәміздерді насихаттау бойынша өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
2016-2017 оқу жылы
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі –Қазақстандық патриотизм. Негізгі мақсат оқушыларды
патриоттыққа тәрбиелеу, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті,
отанын сүйетін, елінің мемелекеттік рәміздерін құрмет тұтатын тұлға тәрбиелу.
Бұл мақсатты іске асыруда мектебімізде бірнеше іс-шаралар өткізілді. Олар:
· «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында білім күніне арналған салтанатты сап және 1-11 сыныптарда тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
· 10-11сыныптарда «Патриотизм сабағы» лекциясы өткізілді.
· «Мемлекеттік шекара» тақырыбында география пәні мұғалімі Абужусипов Ж.О. 8 сыныптарда дөңгелек үстел және 7 сыныптарда тәрбие сағатын өткізді.
· «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында 6 сыныптарда тарих пәнінің мұғалімі Серік Нұртуған тәрбие
сағаттын ұйымдастырды.
· «Мен болашақ сарбазбын» тақырыбында АӘД пәні мұғалімі Алимоа Қ.Т 9 сыныптарда әскери
спорттық эстафета өткізді. Сайыс қорытындысы бойынша 9Б сыныбының «Барыс» тобы І орын иеленді.
· «Ұлттық валюта» тақырынбында кітапханашы Будау В.А 7-8 сыныптармен викториналық сұрақтар өткізді.
· «Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбында қазақ тілі пәні мұғалімі Рахманова Г.Р 5 сыныптармен диктант жазды.
· «Ауған ерліктері» тақырыбында ауданымыздың ардагері Шишин Ю.А қонаққа шақырып мерекелік концерт ұйымдастырылды.
ДТІЖ орынбасары: Өжекей Заурегүл