«Макинск қаласы мектеп-лицейі» КММ
«1 наурыз мейрімділік күні» мерекесіне халықтар
достығы фестивалінің сценариі
2015-2016 оқу жылы
Пролог: «Бір шаңырақ астында» (әр түрлі ұлттар киіміндегі оқушылар би қимылдарымен шаңырақтың уықтарын шаншиды)
1-жүргізуші:
Бір шаңырақта табысқа,
Дос бауыр көп туысқан.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Фанфар ойналып ортаға жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші: -Қайырлы күн құрметті оқушылар және ұстаздар! Бір шаңырақ астында көпұлтты халықтармен тату –тәтті өмір сүріп жатқан біздің тәуелсіз елімізде 1 наурыз «Мейірімділік күні» болып белгіленді. Қазақстан- татулық пен келісімнің мекені. Біздің- еліміз бір, тағдырымыз бір, біз- біртұтас халықпыз.
1-жүргізуші:- Бүгінгі мерекеге қатысып отырған ұлт өкілдері ең әуелі ұлттық
би билейді және ұлттық тағамдармен таныстырады. Оқушылардың өнерін бағалайтын
қазылар алқасымен таныс болайық.
1.
2.
3.
1-жүргізуші:-Біздің бүгінгі мерекені өткізудегі мақсатымыз ұлттар мен
ұлттарды сайыстыру емес, олардың достығын нығайту, ұлттық өнерін, мәдениетін
насихаттау. Сондықтан да қазылар алқасы оқушылардың өнерін, бүгінгі мерекеге
деген дайындықтарын сахналық мәдениетін бағалайтын болады.
Қазақ халқы көптеген қиыншылықты бастан кешсе қиын қыстау
кезде елімізді пана тұтып келген өзге ұлттарға бір үзім нанын бөліп берді. Сол
ұлттар бүгінде еліміздің өркендеуіне ат салысып келеді. Отанымыздың көк туын
желбіретіп, намысты қолдан бермей жүрген қаншама ұлт өкілдері бар. Ендеше
береке-бірлігімізден айырылмайық. Біздің қазақ халқы жомарт халық. «Қазақ» биімен
ортаға 5А сынып оқушылары қазақ ұлтын шақырамыз. Қошаметтеп қарсы алыңыздар.
«Қазақ» биі
орындайтын 5а сыныбы
1-жүргізуші:-Еліміздің атын әлемге танытқан атақты спортшыларымыз Илья
Ильин, Генадий Головкин сынды азаматтарымыз орыс ұлтының тумасы болса да
өздерін біз Қазақстанның азаматымыз деп мақтан тұтады. Қазақ халқымен етене араласып, бір дастарханнан дәм татып келе жатқан орыс ұлтының ұлттық биі «Пльяска» орындайтын 1Б сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар.
Орыс
ұлты «Пльяска» орындайтын 1Б сынып оқушылары
1-жүргізуші:-Бүгінде өз ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап келе
жатқан, қазақ ұлтына өзінің шексіз ризашылықтарын білдіріп отыратын беларус
ұлтты да еліміздің қарқынды дамуына зор үлес қосты. "Беларусь" биі
орыдайтын 2А сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар.
"Беларусь" биі орыдайтын 2А сынып оқушылары.
1-жүргізуші:-
Біздің қасиетті мейрамдарымыз Ораза айт, құрбан айт
мерекелерін қуанышпен тойлататын бауырлас халық ингуш ұлты. Бірліктің туын
тіккен ингуш ұлтының халық биі «Лезгенка» орындайтын 2Б сынып оқушылары.
«Лезгенка» орындайтын 2Б сынып оқушылары
1-жүргізуші:-
Өзбек өз ағам деп жатады біздің халық. Салт-дәстүрі мен
тілі ұқсас бауырлас өзбек ұлты өте еңбекқор халықтардың бірі. Өзбек биі
ойналған кезде шет қалатын адам болмайтын шығар сірә. Би билеу олардың
бойларына біткен қасиет десек артық айтқандық болмас. Ендеше сіздер де қосылып
билеулеріңізге болады. Сахна төріне өзбек халық биі «.....................»
билейтін 3А сынып оқушыларын шақырамыз.
Өзбек халық биі орындайтын 3А сынып оқушылары
1-жүргізуші:-
«Шак-шак» деп аталатын тәтті тағамды барлықтарыңыз
білетін боларсыздар. Бұл тағам біздің дастарханымыздың сәнін де дәмін де
келтіреді. Ендеше осындай тағамдарымен танымал татар ұлтын ортаға шақырайық.
Татар халық биі орындайтын 4А сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар.
Татар халық биі орындайтын 4А сынып оқушылары
1-жүргізуші:-Қазақ халқының өмірімен біте қайнасып келе жатқан, әуелі
қыз алысып, қыз берісіп келе жатқан ұлттардың бірі украйын ұлты. Той
томалақтарда ...........................................әні
шырқалмаса болмайды. Бұл әнді біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы да
сүйіп орындайды. Өз өнерлерімен танылған украйын ұлтының ұлттық биін 4Б сынып
оқушылары назарларыңызға ұсынады. Қабыл алыңыздар.
Украйын ұлттық биі орындайтын- 4Б сынып оқушылары
1-жүргізуші:- Ас адамның арқауы- әр ұлттық өзінің ұлттық салт-дәстүрі,
ұлттық тағамдары бар. Сонау соғыс кезінде заманның қиындығын бірге бөліскен,
бір дастарханда дәм татқан ұлттар бүгінгі береке-бірлікті киелі дастарханмен
нығайтып, бір тағдырлас елге айналды. Ендеше ұлттық тағамдар шеруін бастаймыз.
Әр сыныптар өз ұлттарының тамағдарын таныстырады. Сонымен сахна төріне ұлттарды
шақарамыз.
Сахнаға әр ұлт өкілдері ұлттық тағамдар алып шығып
таныстырады.
1-жүргізуші:-
Құрметпен сөз кезегін 1А сынып оқушылары қазақ ұлтына
береміз.
1. Қазақ ұлттық тағамы-1А
2. Орыс ұлттық тағамы-1Б
3. Беларус ұлттық тағамы-2А
4. Ингуш ұлттық тағамы-2Б
5. Өзбек ұлттық тағамы-3А
6. Татар ұлттық тағамы-4А
7. Украйын ұлттық тағамы-4Б
1-жүргізуші:- Мінеки иісі
бұрқырап, тіл үйіретін түрлі тағамдармен таныс болдық. Барлық тағамдар
тәбетіңізді ашары сөзсіз. Біздің қазылар алқасы байқау қорытындысын шығарғанша
біз көрермендермен ұлттық билер папуриін
билейміз. Сахнаға әр сыныптың жанкүйерлерінен 1қыз, 1 ер бала келсін.
Көрермендермен
папури биленеді. Үздік бишілерге сыйлық беріледі.
1-жүргізуші:-Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім. Ұлттардың ұлы
мекеніне, қасиетті Отанына айналған Қазақстан елім менің жасасын!
«Қазақстаным алға»
әні орындайтын Кенжебек Аяулым, Жалғасов Арнұр
Ұлттар әннің
қайырмасында қолдарына жалау, шар алып финалға шығады.
1-жүргізуші:-
Құрметті көрермен сіздердің қошаметтеріңізбен қазылар алқасын сахна төріне шақырайық.
Марапаттау рәсімі.
1-жүргізуші:-Достық біздің тірегіміз. Еліміз татулық пен бірлікте
жасай берсін. Құрметті оқушылар біз-бірімізге әрқашан мейірімді болайық. Сонда
ғана біздің еліміз көркейіп гүлдене бермек.
Адамдарға мейіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Ізгі ниет жақсылық тілеп сен бүгін
Айналаны нұрлы күнге балайсың
Осымен бүгінгі мейрамымыз аяқталды. Отанымыз тыныш,
еліміз аман болсын!
Хормен:-Жасасын Қазақстан!