«Макинск қаласы мектеп – лицей» КММ
Құқық бұзушылықтың алдан алу жұмыстарының есебі
2016-2017 оқу жылы
Мектебімізде тамыз айынан бастап жалпыға бірдей білім беру
заңына сәйкес мектеп жанындағы мөлтек ауданда тұратын мектеп жасындағылардың
оқумен қамтылуы толығымен тексерілді. Мектепке қабылданғандардың арасындағы
қамқорлықтағы балаларды, жағдайы төмен, көп балалы, әлеуметтік қауіпті
жағдайлардағы балаларды анықтау жұмысы жүргізілді. Мектепшілік бақылауда тұрған оқушылар жоқ.
Тәуекел тобындағы оқушылар жеке тізімге алынды. Олар әлеуметтік жағдайына
байланысты тегін тамақпен қамтамасыз етіліп, мектеп қаражатынан киім-кешек
берілді. Сонымен қатар оқулықпен қамтамасыз етілді. Сәтсіз отбасылардың
балалары мектепішілік іс-шараға тартылды. Берекесіз отбасының балалары
Изахметов Нұржан би және домбыра үйірмесіне тартылды. Жарова Сәуле «Сиқырлы
құм» үйірмесіне қатыстырылды. Әлеуметтік педагог және сынып жетекшілер жағдайы
төмен отбасылардың отбасылық жағдайын ай сайын қадағалап, тексеріп отырады. «Жасөспірімдер
арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, және зорлық зомбылықты, жыныстық
қатынасты болдырмау» тақырыбында аудандық полиция қызметкері Мукамгалиев Т.А,
және аудандық прокурор қызметкерімен бірге 6-11 сынып оқушыларына лекция оқыды. «Менің құқық алаңқайым» тақырыбында 9
сыныптарда дебат өткізілді. «Бақытты балалық шақ» және «Зорлық –зомбылықсыз
балалық шақ» тақырыбында акциялар «Сен құқығыңды білесің бе?», «Бала құқығы
туралы конвенция» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылардың
себепсіз сабақ босатпаулары үнемі қадағаланып отырады.
ДТІЖ орынбасары: Өжекей З.