«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-лицей города Макинск отдела образования по Буландынскому району управление образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы сенімі- ел сенімі

09.01.2018

                                  Елбасы сенімі- ел сенімі

Тұңғыш  президент -қай мемлекет үшін де даусыз тарихи тұлға. Осындай тарихи тұлға біздің 

еліміздің  де мақтанышы  бола білді. Қазақстан Республикасының дамуы,ұлттық қауіпсіздігі және де мемлекеттік басқару жүйесі бар ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуы мен еліміздің күллі әлемге танылып үлгеруі елбасымыз

Н.Ә.Назарбаевтың ерен  еңбегінің  жемісі.

  

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз халқының жағдайын тереңінен түсінетін, замана ағымын жіті ойлайтын,әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып,оны ата-бабамыздан қалған асыл өнеге мен әдемі ұштастырып келе жатқан озық Елбасы.Сонымен қатар, әлем мойындаған, жаһанға атағы таралған,қазақ елін әлемге әйгілі етіп жүрген

бүгінгі заманның көшбасшысы,туған  халқының Бәйтерегі,Көсемі,Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі екені  сөзсіз.

    «Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы -бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын», - деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін    осы  күнге  дейінгі     елдің  сенімін арттырған игілікті істері арқылы дәлелдеп  тұрғандай.

   Елбасының  салып  берген  сара  жолы мен  саясатын іске  асыру мақсатында  мен өз  кәсібімде жас ұрпақты  ұлттық  құндылықтарға  тәрбиелеу  барысын  қолданып келемін. Біздің тарихымызда бұрын -соңды болмаған жаңалықтар мені бейжай қалдыра алмайды. Өскелең ұрпақтың білім алуына , дамуына көп көңіл

бөлініп жатыр,  сондықтан  да  біз педагогтер де осы  жолды жүзеге  асыруға  міндеттіміз.  Бұл

орайда мектептегі тәрбие жұмысы бойынша атқарылатын іс-шаралардың маңызы өте

зор. Себебі еліміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен

саналы тәрбие  бере отырып қоғамда бәсекеге қабілетті ең басытсы Отанымыздың патриотын тәрбиелеуіміз қажет. Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында білім мекемелерінде қалай

іске асырудың тетігін тайға таңба басқандай айқындап берді. Ендігі  қадам әрине ұстаздар қауымының үлесінде.

Себебі  қазіргі қоғамда  білім мекемелері, ұстаздар қауымы еліміздің

сындарлы саясатына зор үлес қосатын маңызды тұлғалардың бірі. Сол үшін де мен

өзімнің қоғам алдындағы, Отан алдындағы жауапкершілігімді жоғары сезініп, әрбір

төгілген маңдай терімінің бір тамшысы болса да елімнің өркендеуіне пайдасы тисе

екен деп ойлаймын. Елбасы да бізден тау қопарып, тас көтеріңдер деп отырған

жоқ,  ел болып  жұмыла кірісіп әрқайсымыздың ел тарихындағы

жаңа көзқарасқа, жаңа бағытқа ат салысуымызды бағдарлап отыр.

Жас шыбыққты мәпелеп, мейіріммен су құяр болсаң оның да жайқалып көз тоярлықтай мәуелі ағашқа айналары сөзсіз. Ендеше сол жас шыбық біздің  көз алдымызда жайқалып келе жатқан жастарымыз, оқушыларымыз. Әрине оларға дұрыс бағыт беріп, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіре білсек Отанымыздың әрбір кірпіші дұрыс

қаланып, еліміздің егемендігі ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік боларына сенімім мол.

Бұл белестерді бағындырудың алғашқы қадамдары мектептегі тәрбие жұмысынан

басталатыны, оны іске асыратын жалпы білім беретін  ұйымдардың  тәрбие 

жұмсының орынбасарлары екені мен үшін үлкен қуаныш, себебі біз тәрбие

жұмысының негізгі басым бағыттары арқылы  әрбір өткізіген іс-шаралар барысында оқушы бойына адами құндылықтарды сіңіруші тұлғамыз. Бала бойына жақсылық пен ізгілікті, патротизм мен

толеранттылықты,  халқымыздың салт-дәстүрін сіңіру  мен үшін кәсіби шеберлігімнің шыңдалғаны деп білемін.

«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» демей ме? Ендеше сол елім, жерім, халқым деп

аянбай еңбек еткен көшбасшысымыздың әрбір  бастамсын әркез қолдап  бірге болу біздің азаматтық борышымыз. Елбасын ел сенімін ақтап, даналық танытқаны, қиын-қыстау кезеңдерден халқын бейбіт күннің көк жалауына, жарық күннің жақсылық шұғыласына жинай білгені үшін, жалпы кез-келген адамзат баласының

бойында табыла бермейтін асыл құндылықтары үшін шексіз сүйемін, қатты

құрметтеймін. Алғаш ұстаздың еңбек жолымды бастаған жылдарда «Жыл мұғалімі»

байқауына қатысып бас жүлдеге қол жеткізгенім мен үшін ең ұмытылмас құнды

естеліктерімнің бірі. Себебі  осы жетістігімнің арқасында барлық өңірден келген ұстаздар қауымы Астанада

мәртебелі елбасымен  кездесуге мүмкіндік алған едік. Тарихта алтын әріппен аты қалатын осындай ұлы тұлғаны өз көзіммен көруім, бірге естелік суретке түскенім мен үшін баға жетпес байлықтан да артық.

Бұл суретті көрген кішкентай қызым бірде маған: -Анашым мен де президентті

көргім келеді-деді. Қызымның бұл тілегіне аздап әзілмен былай дедім: Балапаным

егер сен сабағыңды осылай үздікпен оқып 11 сыныпты «Алтын белгіге» аяқтасаң президентпен

кездесуге барасың, дегенімде енді ғана 2 сыныпқа көшкен қызым: -Ендеше мен

өскенше президент ауырмасыншы иә-деді. Сәби жүрегінен шыққан осы тілегіне

жүрегім елжіреп кетті. Сәбилеріміздің тілегі қабыл болысын, Алла тағалам

елбасымызға күш қуат берсін, қазақ елінің бағы үшін жаралған тұғыш президентіміз аман болсын.

 

 Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі–жөніндегі орынбасары: Өжекеқызы Зәурегүл

Просмотров: 463

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст